home
home home

Мейірім керуені

Мейірім керуені

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде «Мейірімділік керуені» атты жыл сайынғы қайырымдылық акциясы бастау алды. «Мейірімділікпен бірге!» ұранымен өтетін іс-шара халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдауға арналған.

Акцияның әр айы қайырымдылыққа арналған сарқыт, сыбаға, шашу, асар секілді қазақ халқының бір салт-дәстүрінің белгісімен өтпек.

Қордай аудандық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Станислав Насыровтың айтуынша, қаңтар айындағы іс-шара «Сарқыт» деп аталады. Сарқыт – қазақ халқының дағдысында қалыптасқан ырым. Қонаққа келген әрбір адамға сый-құрмет ретінде, қуаныштан кәде ретінде, разылығының белгісі және жұғысты болсын деген ниетпен алынатын ырым болып табылады.

Қайырымдылық іс-шарасы аясында ұлттық-мәдени орталықтар және Қордай ауданының «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының белсенділері халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған ақция ұйымдастыруды көздеп отыр.

– Мейірімділік керуені деген не? Ең алдымен – көмекке зәру жандарға деген қамқорлық. Біздің көмек біржолғы емес, ізгілік айлары әлі жалғасын табады. Мұндай акциялар барлығымызға қажет. Біз бармыз, біз көмектесеміз… Бізбен бірге көмектес! – деген С.Насыров көпшілікті игі іске атсалысуға шақырады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.