home
home home

Медицина қызметкерлеріне қамқорлық

 

Медицина қызметкерлеріне қамқорлық

Күллі әлемді әбігерге салған COVID-19 вирусына қарсы күрес елімізде де жан-жақты қолға алынған. Мемлекет басшылығының бастамасымен кәрі құрлық пен шығыс елдеріндегі қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында дер кезінде тиісті сақтық шаралары қолға алынып, төтенше жағдай режимі де енгізілді. Бұған халықтың басым бөлігі түсіністік танытып, мамандардың кеңесіне құлақ асқаны қуантады.

Алайда, қауіпті індеттің лебі басылар емес. Осыған орай Президент Қазақстан халқына үндеуін жариялап, онда сын сағатта қолға алынатын тірлік, орын алған жағдайға байланысты тұрмыс жағдайы төмен тұрғындарға көрсетілетін көмек, күн-түн демей азаматтарымыздың амандығы жолында тер төгіп жүрген жандарға көрсетілетін қолдау турасында кеңінен айтып өтіп, халықты бірлікке, түсіністікке шақырды. Осы ретте, денсаулық сақтау саласының ардагері ретінде Мемлекет басшысының бұл бастамасын толықтай құптаймын. Президенттің дәрігерлердің қазіргі таңда атқарып жүрген еңбегін қайсарлыққа теңеп, оларды адам өміріне араша түскен бүгінгі күннің батырлары деуі шын мәнінде медицина саласы мамандарының еңбегін елегені, үлкен демеу болғаны анық.

«Пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдай режимі кезінде әлеуметтік саланың назардан тыс қалмауын, азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды екенін баса айтып, нақты тапсырмалар берді.

Людмила Игуменцева, денсаулық сақтау

саласының үздігі


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.