home
home home

Марапатқа ие болды

 

Аудандық Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиналған қауымды алдымен аудан басшысы Рүстем Дәулет құттықтап, одан кейін мерекеге орай марапаттау жүргізді. Тәуелсіздік жылдары толайым табыстарға жеткен еліміз, ел тағдырын қолына алған Елбасының еңбегі және де соның ішінде қарышты даму жолына түскен ауданымыздың бүгіні турасында сөз еткен Рүстем Рысбайұлы кезекті марапаттау рәсіміне жол беріп, Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 317 өкімімен  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен зейнеткер, Отар ауылдық округінің  жергілікті қауымдастығының төрағасы Тынышбек Мадышевты, «Сұлутөр» ШҚ басшысы Серік Ермековты, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұржан Молдабековты, жеке кәсіпкер Рабия Джинлированы, «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира

                  Сүгірбайды марапаттады.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен зейнеткер Дина Кененова, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов, Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Жанат Дадабаева, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» бас директоры Күнсұлу Закарья марапатталды. Ал, облыс әкімінің Алғыс хатына ҚР ІІ Министрлігінің  әскери-тергеу басқармасының Гвардейский тергеу бөлімінің бастығы Талғат Жайықов ие болса, Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен  «КазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл  өндірістік филиалының Қордай аудандық учаскесінің директоры Серік Есжанов, «Гвардейский» гарнизонының бастығы Талғат Уразалиев, Бұлар батыр атындағы № 19 орта мектебінің директоры Исхар Дыдыху марапатталды. Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасы Қордай аудандық сотының судьялары Мирагүл Алимановаға, Бейбіт Тұрлыбаевқа, «Қазақстан-2030» ШҚ басшысы Аманқан Рысымбетовке, «Алтын алқа» иегері Раушан Қожамқұловаға, кәсіпкер Забира Майшыбековаға, «Қарасу» ШҚ басшысы Мәлік Нұрмаханбетовке, «Қордай ауданының мемлекеттік архивінің»  директоры Қатира Увалиеваға, Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры Суджата Сарғасқаеваға, жеке кәсіпкер Мұрат Үсербаевқа, Қордай ауылдық округінің әкімі Бақыт Сахатовқа, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Жұлдызбек Бақаевқа, №33 Соғанды негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Майра Шакееваға, аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұлдан Шалабаеваға берілді. Ал, аудан әкімінің Алғыс хатына «Қордай су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Бекен Сүлейманов, Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары Дария Ботанбаева, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Айбек Базилбеков, Қордай ауданы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айгерім Қылышбекова, Қордай ауданы әкімдігінің  білім бөлімінің  есеп айырысу секторының меңгерушісі Жанат Баймендиева, №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Орынкан Бейсенбаева, ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай аудандық бөлімінің  қызметкері Әділет Масанов, «Қарлығаш» балабақшасының  меңгерушісі Маржанкүл Анарбекова, №9 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Алтынкүл Молдажанова, «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорынының» есепшісі Әсел Тезекбаева ие болды. Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында жылдағы дәстүрге сай ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілді. Биылғы жылы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 77-4 шешімімен «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағы қаржы саласының ардагері Болғанбек Абдраимовке, «Сұлутөр» ШҚ басшысы Серік Ермековке, «Алмаз» ШҚ басшысы Жұмабек Ещиғановқа, «Қанағат» ШҚ басшысы Жұмақан Кәкетайға және  Қордай аудандық ардагерлер ұйымының Президиум мүшесі Жомарт Керденовке берілді. Құрметті атақ туралы куәлікті аудан әкімі Рүстем Дәулет пен аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов салтанатты түрде табыс етті. Осыдан кейін қордайлықтарды мерекемен құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов мәслихаттың Құрмет грамотасымен Қордай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Орумбаевты, «Береке» колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Камила Дургалованы, аудан әкімі аппаратының басшысы Елдос Нуралиевті, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бақдәулет Садырбаевты, Қордай аудандық мәслихат аппаратының статисті Раушан Аманованы, Қарасу ауылдық округінің әкімі Рая Жасыбаеваны, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны басшысы Айдын Жортаровты, Қарасай ауылдық округінің әкімі Гүлжахан Елемесованы, Қасық ауылдық округінің әкімі Қарлығаш Исағұлованы, АОА терапевт дәрігері Бахыт Чанбаеваны, аудан әкімінің орынбасары Мырзағали Күзербаевты, «Үсен ұлы»  ЖШС-нің  директоры Дамир Абдраимовты, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары Дамира Сүгірбайды марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың Алғыс хатына № 23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бахытгүл  Бултбаева, №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зухра Ильясбекова, №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Жадыра Алғадаева, Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының есепшісі Азиза Қартабаева, ардагерлер Абул Тебердиев, Кеңесбай Ахметкеримов, Шарапат Пахратдинов,  Юсюф Дыров, Сүйімбай Жанабаев, Омар Харбиев,  Сайлау Абдрахимов,  Арва Шефур, Нұргүл  Қамысбаева,  Мехар Джинлиров,  Раиса Искакова және  «Отечество» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Станислав Насыров, «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің тарих пәні оқытушысы Жасуда Касенов, аталмыш колледждің экономика пәні оқытушысы  Исахан Калиев, кітапханашысы Зейнехан Нартпаева, «Нұрсила әже» бөбекжай-балабақшасының директоры Лидия Бегалиева,  Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман-есепшісі Лязат Темірова, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  статисті Сарбағыш  уулу  Эркинтур, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорнының  жүргізушісі Асқарбек Тлекметов, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорнының  жұмысшысы Дәурен Искаков, аталмыш кәсіпорынның жүргізушілері Айдар Ұзақов, Абдырашит Табылдиев, Талғат Қожамқұлов, Михаил Богданов, Бауыржан Асанов, Руслан Тажибаев, Еркін Жақтаев, дәнекерлеуші Ерлан Мұрынбаев, Станислав Яковлев, Жеңіс Құрымбаев, электрик Ахмет Байгелов, «Қаракемер 2» мешітінің имамы Данияр Таубалды, «Нұрислам» мешітінің имамы Мухарме Сыров, зейнеткер-инженер Бекдәулет Алибеков, №5 Крупская орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Жамиля Байбатырова марапатталды. Осылармен бірге аудандық мәслихаттың құттықтау хатымен әр ауылдық округтен бір ардагерден марапатталды.

Салтанатты жиын соңы ауданымыз-дың өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.