home
home home

Маңызды шешім

Күні бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік проблемаға айналған індетке байланысты қазақ хақына кезекті үндеуін жолдады. Үндеуінде , елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен күні бүгінге дейінгі вирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыстарды нақтылап айтып өтті. Презиеднт өз сөзінде « Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар» деді. Сол үшін, бар жағдайды бақылауда ұстап төтенше жағдай режимін келер айдың он бірінші жұлдызына дейін жалғасатынын хабарлады. Бұл ел үшін маңызды шешім деп ойлаймын. Біз осы төтенше жағдайдағы сақтық шараларын қолданып қана кеселден құтыламыз. Төтенше жағдай кезінде халық биліктің назарынан еш тыс қалмады. Оны Қасым-Жомарт Кемелұлы өз үндеуінде айтып өтті. Сондай-ақ, бұқаралық ақпаратқа сенсек біздің елдегі жағдай өзгелерге қарағанда тұрақты. Адам шығыны да әлде қайда төмен. Керісінше айығып жатқан жандар көп. Енді аз уақыт бұл қиындыққа төтеп берсек біз жеңіске жетеміз. М.Оспанов, Қордай ауданының Құрметті азаматы.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.