home
home home

Майдангерлерге құрмет

 

Осыдан 75 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыс аяқталды. Отан үшін от кешкен жандардың бірқатары отбасына оралса, туған жердің топырағы бұйырмағаны қаншама. Елге келгендердің көбісі майдан даласында денсаулығынан айырылып, тіпті жарымжан болып қалғаны да рас. Ең бастысы олар Отан алдындағы антына адал болды. Сол сұрапыл соғысты бастан кешкен майдангерлеріміздің қатары сирегені соншалық, бүгінде арамыздағы ардагерлердің саны саусақпен санарлық. Дей тұрғанымен елімізде оларға деген құрмет еш кемімек емес. Әлемге таралған пандемияға байланысты барлық мерекелік іс-шаралар тоқтатылғанымен, кеудесін оққа тосқан ардагерлеріміз назардан тыс қалмады. Нақтырақ айтсақ, 2038 әскери бөлімінің сарбаздары мереке қарсаңында майдангерлердің үйлеріне барып, құрмет көрсетіп, сый-сияпатын жасады.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Иван Карпович Ирхин ризашылығын білдіріп, келген қонақтарға алғысын айтты. «Біз көргенді сендер көрмесеңдер екен. Ашық аспан, бейбіт өмірді бағалаңдар. Ал, шекара қызметкерлерінен халықтың тыныштығын сақтап, еліміздің шекарасынан бірде бір жау өтіп кетпеу үшін міндеттерін абыроймен атқаруды сұраймын», – деді Иван Карпович.

Ардагерді құттықтап келген шекара қызметкерлері естелік сыйлықтарын ұсынып, саппен жүріп өтіп, ардагерге құрмет көрсетті. Шекарашылармен бірге Д.Қонаев атындағы №1 МГ төртінші сынып оқушысы Әлия Абдиханова келіп, ардагерді құттықтап, бейбіт күнде өмір сүру бақытын сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

Келесі кезекте әскери қызметкерлер майдангер Николай Кожушконы құттықтады. Қонақтарды қуана қарсы алған ардагер шекарашылармен әңгіме-дүкен құрып, әскери қызметкерлердің бүгіні туралы сұрады. 2038 әкери бөлімінің тәрбие, идеология және кадр жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Төлеуов ардагерді мерекемен құттықтап, зор денсаулық тіледі. Келген қонақтар ардагермен бірге естелік суретке түсіп, азық-түлік себетін ұсынды.

Осы күні шекарашылар майдангер ақсақал Михаил Бакшеевті де құттықтап қайтты. Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында құттықтаулар легінен Гвардейский гарнизонының әскери қызметкерлері де шет қалған жоқ. Аталмыш гарнизонның басшысы Талғат Уразалиев бастаған бір топ әскери қызметкерлер Кенен ауылының тұрғыны, майдангер Керімқұл Қосақовты құттықтап, сый-сияпатын жасады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.