home
home home

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қордай аудандық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК қор сақтаушының (1 бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қордай аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қор сақтаушының (1 бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

 

Кәсіпорынның атауы: Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қордай аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай а., Қазыбек би к., 12 үй. Тел.: (872636) 4-53-84.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, «өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс.

Қор сақтаушы қызметінің негізгі бағыттары: музей заттарын сақтауды, олардың сақталымын және консервациялауды, жауапкершілікті сақтауға қабылданған музей заттарын зерделеуді қамтамасыз етеді, сақтау қорлары жөніндегі инвентарлық кітаптарда олардың тіркелуін тексереді; жауапкершілікті сақтауға қабылданған музей заттарын жүйелеуді, ғылыми-анықтамалық картотекаларын жасауды, электрондық деректер қорының тиісті бөлімдерін жүргізуді іске асырады; музей коллекцияланын толықтыру бойынша жұмыстарға қатысады, музей заттарының сақталу жағдайына жүйелі бақылауды жүргізеді; қалпына келтіруге мұқтаж жәдегерлерді анықтау бойынша, сондай-ақ музей заттарының сақталымын қамтамасыз ететін адын алу шараларын жүргізуді жүзеге асырады; қалпына келтіру кеңесінде қарау үшін сақтау қорын қалпына келтіру және консервациялау бойынша тапсырмаларды дайындайды; музей заттарының және музей коллекцияларының бар-жоғын тексеруге және олардың есеп құжаттамасында бар-жоғын салыстырып тексеруге қатысады. құжаттық және сурет қорының сақтандыру көшірмесін жасау бойынша (өз құзыреті аясында) жұмыстарды қамтамасыз етеді, қор сақтау қөймасы бөлмелерінің температуралық ылғалдылық режіміне бақылау жүргізеді. экспозициялар мен көрмелерді  дайындау жұмыстарына қатысады, коллекциялар каталогтарын, сактау қоры материалдарының шолуын, жұртшылықтың қор сақтау жөніндегі ақпаратпен  байланысты сұранысы бойынша материалдарды жариялауға  материалдарды дайындайды.

Білуге тиіс: Конституцияны; Еңбек Кодексін; Қазақстан Республикасының  «Мәдениет туралы»,  «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен курес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын; экспонатарды қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін.

Қор сақтаушының лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру  жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Қазыбек би к., №12, тел.: 4-53-84.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Қазыбек би к, №12.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта