home
home home

Күлкіге толы мереке

Жайма-шуақ жаздың алғашқы күнімен келетін Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін былдырлаған балғындардың асыға күтетіні рас. Әрине, бұл балалар үшін сиқырға толы ерекше мереке.

Қалыптасқан игі дәстүрге сай жарқын мереке қарсаңында жер-жерлерде салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, биыл бұл үрдістен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының мамандары шет қалмай, бірлесе орталық саябақта мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тамаша мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балалар әр түрлі байқауларға, эстафета мен сурет салудан шеберлік сағатына қатысып, көңіл көтерді. Бойшаң қуыршақтар мен мультфильм кейіпкерлері балалардың көңілін баурап, «Аққу» би тобының кішкентай бишілері көрермендерге өз бағдарламасын ұсынды. Іс-шара соңында Руслан мен Айсұлу Есмахановтардың («Все для Всех. Айналайын» дүкені) демеушілігімен балаларға балмұздақ, сусын таратылды. Бұл күні ешбір бала назардан тыс қалған жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар жиі өткізілмек, өйткені балаларға көмек пен қолдау жылына бір рет емес күнде қажет.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.