home
home home

Көрсетілетін қызметтің түрлері

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету» бойынша Қордай аудандық бөлімі 2007жылы 14 желтоқсанынан бастап, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 18- Қыркүйегіндегi № 983  қаулысына сай, мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес, қызметтерді көрсетуде.

Қордай ауданының халық саны 142,8 мың адам. ХҚК бойынша бөлімі жылдан жылға  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артуда. 2007 жылы ХҚКО арқылы 25 қызмет түрін көрсеткен, бүгінгі күнге 741  қызметке дейін өсіп отыр.  ХҚКО арқылы қабылданған құжаттар саны жылдан жылға артып, 2014 жылы -80 995 құжат, 2015 жылы-126 679 құжат,  2016 жылы – 251 416 құжат, 2017 жылы 320700 құжат, ал 2018 жылы 356365 құжаттар қабылданып, аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

 

Сонымен қатар, ХҚК бойынша бөлімінің қызметкерлері шалғай аудандарға Мобильдік ХҚКО арқылы шығып қызмет көрсетуде. 2018 жылда мобильдік ХҚКО арқылы 18590 құжат қабылданып, тұтынушыларға өз ауылдық округтарында қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы бойынша «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылдану аясында ХҚК бойынша бөлім қызметкерлері мемлекеттік мекемелерді, мұғалімдерді, студенттерді, оқушыларды және аудан тұрындарын электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді белсенді пайдалануға оқыту-түсіндіру бойынша, аудан көлемінде жұмыс атқарылды және әрі қарай 2019 жылға бекітілген график бойынша атқарылады.

Электрондық қызметтерді популяризациялау және тұрғындардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында,   Еgov порталы бойынша жүйелік кесте бекітіліп, аудан тұрындары мен мемлекеттік қызметкерлерге оқыту-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Мgov арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша (бірреттік пароль арқылы) Қордай ауылының тұрғындарына, мектептерде, колледждерде оқыту жұмыстары жүргізіліп, жұмыс орындарынан электрондық анықтамаларды алуы ұлғайып келе жатыр.

 

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасы аясында жаңа туған нәрестелерге туу туралы куәлік табыс етілді.

2017 жылғы 29 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда, проактивті қызмет арқылы 350-ден астам қызмет көрсетілді.

Аудан Әкімдігінің қолдауымен әр ауылдық округтың Әкімшілік ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету пунктері ашылып, мамандары оқытылып, халыққа белсенді қызмет көрсетуде.

Аудан бойынша 17 ауылдық округте «Өзін-өзіне қызмет көрсету» орталықтары жұмыс істеуде.

 

2015 жылы, Аудан әкімшілігінің қолдауымен, Отар ауылында  мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Сектор ашылды. Бүгінгі таңда, Отар секторы арқылы көрсетілген қызметтер, Қордай аудандық бөлімінің көрсетілген қызметтерінен 20%-тан астам атқаруда. 2018 жылы Отар секторында – 20318 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

 

2019 жылда, аудан Әкімдігінің  қолдауымен, Қордай аудандық ауылдық округтарында, әр мәдениет үйінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштарың ашылуы жоспарланып отыр.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта