home
home home

Көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Сәрсенбі күні Жамбыл ауылдық №26 орта мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасы және Қордай ауданы әкімдігі мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық көші-қон полициясы, мемлекеттік кірістер басқармасы және аудан әкімдігінің бөлімдері қатысты. Іс-шараға жалпы ауыл тұрғындары мен қонақтарды қоса алғанда 150-ге жуық адам қатысып, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік сала, көші-қон салалары бойынша мазалаған сұрақтарына жауап алды. Ауыл тұрғындарына үйден шықпай электронды үкімет порталы арқылы қажетті қызмет алу туралы толық ақпарат берілді.

– Бүгінгі жәрмеңкеге Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары ғана емес, Қақпатас, Степное, Әлжан ана, Бетқайнар ауылдарының тұрғындары да қатысты. Жерлестерімізге электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болатыны, оны қалай қолдану керек екендігі түсіндірілді. Одан басқа мұнда азаматтар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың, салық берешегінің бар-жоғын тексере алады. Сонымен бірге, жер телімдеріне кезекке тұру тәртібі, мемлекеттік органдар әрекеттерінің алгоритмі түсіндіріліп, қажетті құжат тізбесі айтылды. Іс-шараның мақсаты – халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың тиімді әрі жеңіл жолдарын насихаттау және ауыл тұрғындарын электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпараттандыру, – деді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Айдар Бірімқұлов.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.