home
home home

КОРДАЙ АУДАНЫНДА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

КОРДАЙ АУДАНЫНДА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Сервистік әкімдік кеңсесі «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет атқарады. Кеңседе мемлекеттік қызмет көрсететін бірқатар мекеме бір жерде шоғырланған. Жобаның көздегені халықтың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету. Сондай-ақ, бұл жаңашылдық көрсетілетін қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын жетілдіруге де оң ықпал етпек.
Жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асқанын атап өткен жөн. Бір кеңсеге шоғырландырылған мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме өкілдері тұрғындарға тиісті ақпарат беріп, қызмет етеді. Өз кезегінде тұрғындар өздеріне қажетті 27 қызмет түрін осы орталықтан ала алады.
Сервистік әкімдіктің ашылуына ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, ақпараттық-түсіндіру штабының төрағасы Қасымхан Төлендиев және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Жувандикова қатысты. Аудан әкімі Рүстем Дәулет облыс орталығынан келген қонақтарды кеңсемен таныстырып өтсе, олар өз кезегінде «Сервистік әкімдікке» оң бағасын беріп, жұмысына сәттілік тіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.