home
home home

Көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Әрбір адам жарық дүниеге келгені үшін әң әуелі анасына қарыздар. Ана баласын құрсағында тоғыз ай көтеріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, мәпелеп өсіреді. «Алып та анадан туады» демекші, ел тарихында өшпес із қалдырған небір тұлғаларды тәрбиелеп, өсірген де осы ана.

Соңғы жылдары елімізде көп балалы аналарға көптеп көңіл бөлініп келеді. Отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, ел дамуына, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жандарға құрмет қашан да зор. Осыған дәлел ретінде кеше аудан әкімі Болатбек Байтөле бірнеше көп балалы аналармен кездесіп, «Күміс алқа» наградасын табыс етті.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 4 мамырындағы №37 Жарлығына сәйкес, Қордай және Степное ауылдарының көп балалы аналарына «Күміс алқа» наградасы белгіленген екен. Ардақты аналарға мемлекеттік награданы аудан басшысы Болатбек Байтөле салтанатты түрде табыс етіп, еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын айта келе, зор денсаулық, отбасы амандығын тіледі. Өз кезегінде марапат иелері аудан басшылығына разылығын айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан сан түрлі көмекті аналарға деген ел қамқорлығы деп білетіндерін жеткізді.

Бұл күні марапатталған аналардың әрқайсысы дүниеге алты бала әкеліп, оларға лайықты тәрбие беріп, ел қатарына қосқан ардақты жандар. Ал, біз өз кезегімізде алтын құрсақты аналарға шаңырақтары шаттыққа толы болып, үйінен жылылық кетпесін деп тілейміз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.