home
home home

Конкурс туралы хабарландыру (1ВК 11.09.2018)

Хабарландыру мәтініне

Персоналды басқару қызметі жауапты

 

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

E-R-1 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

E-3 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            E-G-1 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, Е-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, Е-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-R-5, Е-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       E-G-3 санаты бойынша: жоғары білім;

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

        Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
E-R-1 142412 192382
E-3 102437 138248
E-G-1 122425 164899
E-G-3 69957 94109

 

            Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 1 қабат, №4,5 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

           

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е-R-1 санаты, 1 бірлік №02-13. 

            Функционалдық міндеттері: Бөлімде агроқұрылымдардың жоғарғы көрсеткіштерге жету, ауылшаруашылық өндірісін және экономикалық өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық дақылдарының астық өнімділігін және құс пен малдың өнімділігін арттыру бойынша жұмыстарының негізгі бағытын анықтау. Ауданның ғылыми дәлелденген индикативтік жоспарын жасау жұмыстарына қатысу. Ауылшаруашылық саласы бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдік қаулыларын және жоғары органдар актілерінің орындалуына бақылау жасау. Өзінің құзыретіне жататын мәселелер  бойынша ауылдық округ әкімдерінің аппараттарымен, ауданның мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес құралдармен бірлесе атқаратын жұмыстарды үйлестіру. Бюджеттік жоспарлау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және сала аралық үйлестіру.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары.

Мамандығы – Ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы-заңгер Е-3 – санаты, 1 бірлік № 01-08-01.

Функционалдық міндеттері: ҚР Президенті мен Үкіметі актілерін орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын әзірлеу кезінде құқықтық кеңес беру және заңнама талаптарына сәйкестендіру. Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы және аумақтық органдардан қажетті материалдарды алдыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссия отырысына тиісті құжаттар әзірлеу, жұмысын үйлестіру және хатшылығын қоса атқару. Қордай ауданы әкімдігі туралы жағымсыз материалдар бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан жағдайда зерделеу. Аудандағы атқарушы орган басшыларының заңнамаға сәйкес өздері атқарып отырған жұмысы туралы есептерін, бөлімшедегі кіріс және шығыс хаттардың орындалуына ішкі бақылау жүргізуді ұйымдастыру. Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Аймақтық бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттың мезімінде орындалуын үйлестіру. Ауылдық округ әкімдері аппараттары, аудан әкімдігі бөлімдері, аудандық Әділет басқармасы, прокуратура, ішкі істер бөлімі, кеден қызметі және сот жүйелерімен тығыз қарым-қатынас жасау.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы жоғары.

           Мамандығы: Құқық саласындағы (жалпы)

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы, оның ішінде мүмкіндігінше әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттіліктері бойынша жоғары балл немесе қатерлі аймақтан төмен емес. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы Е-3 – санаты, (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2019 жылдың 06 тамызына  дейін ) 1 бірлік № 01-07-03.

            Функционалдық міндеттері: Ауданның ауылшаруашылық жағдайына сараптама жасайды, тиісті ақпаратты-аналитикалық құжаттарды әзірлейді, кіші және орта кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына салаларына және ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын энергетикалық кешенін дамытусалалары мәселелерін талдап,  баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Сайлаулар, референдумдер өткізуге дайындық пен өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру. Ауылшаруашылық саласы бойынша ауылдық округтерде осы бағыттағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. Бекітілген мәселелер бойынша жоғарғы органдардың  актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімінің актілерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы және әкімдігі бөлімдерінің жұмыс жоспарларын және олардың мерзімінде орындалуын қадағалау. Аудан әкімінің жұмыс сапарларында және аудандық кеңестер мен мәжілістерде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау және ай сайын тиісті ақпараттар әзірлеу. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің,  республикалық, облыстық селекторлық кеңеске материалдар дайындау, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және апта сайын тиісті ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің халық алдындағы және мәслихат алдындағы есептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылау, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру.

Аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысын үйлестіре,  ұйымдастыра білу, ауылшаруашылығы, жер қатынастары,өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын энергетикалық кешенін дамытусалаларына  байланысты  мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, кіші кәсіпкерлік нысандарымен,  өзара  қарым-қатынас жасау.Аудан әкімінің Веб-сайтында тиісті ақпараттарды орналастыру, ақпараттарды жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы жалпы.

Мамандығы – гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы, оның ішінде мүмкіндігінше әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттіліктері бойынша жоғары балл немесе қатерлі аймақтан төмен емес. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары E-G-1 санаты,  1 бірлік № 01-03.

Функционалдық міндеттері: Қоғамдық – саяси  мәселелерімен айналысады. Ауылдық  округі  әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады, әкімнің  жұмыста жоқ  кезінде  міндетін  атқарады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы E-G-3 санаты, № 01-04.

            Функционалдық міндеттері: Іс қағазын және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын жүргізу. Нотариат іс-әрекеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта