home
home home

КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА, 28.09.2020

Хабарландыру мәтініне

кадр қызметі жауапты

 

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі  бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама:

 

            Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

 

E-R-4 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары:

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
Тенгеден бастап Тенгеге дейін
E-R-4 95 210 128 834

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

            Индекс 080400, Қордай ауылы, Жібек жолы, №275, тел: 8(72636) 2-10-43, 2-11-68 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы, E-R-4 cанаты, 1 бірлік, №01-04.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, білім беру мекемелерінің жағдайын қорытындылайды. Білім беру ұйымдарының рейтінгін, 12жылдық білім беруге өтудің жұмысын жүргізеді.Білім алушылардың білімінің мониторингін жүргізеді, осы сұрақ бойынша есеп дайындайды. Бақылайтын сұрақтар бойынша мәлімет, анықтама дайындайды, есептеу, мәліметтің, анықтаманың уақтылы берілуіне жауапты.Оқушыларды тамақтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. СЭС-пен бірлесіп, білім мекемелеріне қатысты сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. Бөлімнің жұмысын  жоспарлауға қатысады. Жоғары органдарға  анықтама, мәліметтерді алқа мәжілісіне дайындайды, олардың дұрыс және уақтылы орындалуына жеке жауапкершілікте болады. Білім беру мазмұны бойынша бас маман уақытша жоқ болғанда, оның міндеттерін орындайды. Жалпыға білім беру бойынша маманның міндеттерін орындайды. Жоғары органдардың құжаттарының қаулысын, бұйрықтардың орындалуының сапалылығын жеке жауапкершілігіне алады. Басшының және сектор меңгерушісінің басқа да жеке тапсырмаларын орындайды.«Алтын белгі», ерекше куәлік туралы материалдардың жүргізілуін, білім алушылардың деңгейін, мемлекеттік бақылауды, мектеп оқушылары арасындағы интеллектуалдық байқауларға дайындауын және өткізуіс-шараларын, бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысының мазмұнының жағдайын, олардың мемлекеттік стандартта орындалуын және ҰБТ мен ОЖСБ жүргізілуін және ұйымдастыруын, облыстың және ауданның мектептен тыс іс-шараларына қатысуын, мектептен тыс мекемелердің жалпы сұрақтары бойынша жүргізілуін бақылайды. Білім беру ұйымдарында «Білім туралы» Заңның орындалуын, білім беру бойынша Қазақстан 2050 ж. Даму стратегиясы жұмысының, Білім беру мекемелерінің жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Білім саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы, E-R-4 cанаты, 1 бірлік, №01-06.

            Функционалдық міндеттері: Азаматтардың жалпы орта білім алуы құқығын ҚР  заңдарының, нормативтік құжаттардың орындалуы бойынша жұмысын жүргізеді және ұйымдастырады. Ауданның білім беру мекемелерінің тәрбие сұрақтары бойынша жұмысын жүргізеді. Тәрбие сұрақтары бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындайды. Оралмандар контингентімен жұмыс жасайды. 0 ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің тізімін жүргізеді, оқу жылында мектептердің шағын аудандарының,  шағын учаскелерде оқитындардың  контингентімен жұмыс істейді. Мектеп директоры орынбасарларына өз құзыреті шегінде әдістемелік көмек ұйымдастырады.Бөлімнің жұмысын  жоспарлауға қатысады. Жоғары органдарға  анықтама, мәліметтерді алқа мәжілісіне дайындайды, олардың дұрыс және уақтылы орындалуына жеке жауапкершілікте болады. Білім беру мазмұны бойынша бас маман уақытша жоқ болғанда оның міндеттерін орындайды. Құқықтық оқытуға байланысты оқушылардың әлеуметтік қорғалуына жауапты. Басшының және сектор меңгерушісінің басқа да жеке тапсырмаларын орындайды. Ата-аналармен патриоттық тәрбие сұрақтары бойынша жұмыс жүргізілуін, діни экстремизмнің алдын-алу бойынша сұрақтарға жауап беруін, құқық бұзушылық және зиянды заттардың алдын алу жұмыстарының орындалуын, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырылуын бақылайды.  Білім беру мекемелерінде өзіне бекітілген сұрақтар бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Білім немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы, 275.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы, 275 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің  білім бөлімінде әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________________
__________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

  «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
  Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ  
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
 

 

   
 

 

   
 

 

   
 

 

   
 

 

   
 

 

   
 

 

   
 

_____________________
Кандидаттың                   қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта