home
home home

КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 25.10.2019

Хабарландыру мәтініне

Персоналды басқару қызметі жауапты

 

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

            Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

            E-3 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

E-4 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-R-2 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Е-G-1 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-G-3 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары:

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
Тенгеден бастап Тенгеге дейін
E-3 112 712 152 035
E-4 100 696 136 444
  E-R-2 127 422 172 394
  E-G-1 122425 164899
  E-G-3 90963 122463

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

1.Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2020 жылдың 07 тамызына  дейін ) Е-3 – санаты,  1 бірлік № 01-07-03 .

            Функционалдық міндеттері: Ауданның ауылшаруашылық жағдайына сараптама жасайды, тиісті ақпаратты-аналитикалық құжаттарды әзірлейді, кіші және орта кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына салаларына және ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын энергетикалық кешенін дамытусалалары мәселелерін талдап,  баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Сайлаулар, референдумдер өткізуге дайындық пен өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру. Ауылшаруашылық саласы бойынша ауылдық округтерде осы бағыттағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету.Бекітілген мәселелер бойынша жоғарғы органдардың  актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімінің актілерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы және әкімдігі бөлімдерінің жұмыс жоспарларын және олардың мерзімінде орындалуын қадағалау. Аудан әкімінің жұмыс сапарларында және аудандық кеңестер мен мәжілістерде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау және ай сайын тиісті ақпараттар әзірлеу. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің,  республикалық, облыстық селекторлық кеңеске материалдар дайындау, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және апта сайын тиісті ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің халық алдындағы және мәслихат алдындағы есептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылау, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру.

Аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысын үйлестіре,  ұйымдастыра білу, ауылшаруашылығы, жер қатынастары,өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын энергетикалық кешенін дамытусалаларына  байланысты  мәселелерін талдап, баяндамалар, анықтамалар дайындығын, аймақтық бағдарламалардың әр тармағы бойынша көрсетілген жұмыс жоспарларының мерзімінде орындалуын қаматамасыз ету. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, кіші кәсіпкерлік нысандарымен,  өзара  қарым-қатынас жасау.Аудан әкімінің Веб-сайтында тиісті ақпараттарды орналастыру, ақпараттарды жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2.Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы, Е-3 – санаты, 1 бірлік № 01-07-02.

            Функционалдық міндеттері: Сайлаулар, референдумдер өткізуге дайындық пен өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру. Қордай ауданы аумағында терроризм мен экстремизмді алдын алу іс қимыл жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің қызметкерлерін брондау (әскери міндеттерін) және әскери есепке алу жұмысын жүргізеді.Жергілікті аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларды, ведомствалық бағыныстағы аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру іс-шара жоспарын дайындау. Аудан әкіміне, аудандық әкімдікке қызметіне сәйкес құжаттарды дайындау.Бекітілген мәселелер бойынша жоғарғы органдардың  актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімінің актілерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы және әкімдігі бөлімдерінің жұмыс жоспарларын және олардың мерзімінде орындалуын қадағалау. Аудан әкімінің жұмыс сапарларында және аудандық кеңестер мен мәжілістерде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау және ай сайын тиісті ақпараттар әзірлеу. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің,  республикалық, облыстық селекторлық кеңеске материалдар дайындау, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және апта сайын тиісті ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің халық алдындағы және мәслихат алдындағы есептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылау, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысын үйлестіре,  ұйымдастыра білу, құқық қорғау органдары және барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, кіші кәсіпкерлік, отын-энергетикалық, көлік, байланыс, құрылыс мекемелерімен,  өзара  қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-11-02.

            Функционалдық міндеттері: Шығыс корреспонденцияларын тіркейді және корреспонденциялар мен телеграммаларды почта арқылы жіберуді, кіріс құжаттарын дайындауды, шығыс, кіріс құжаттарының айналымы бойынша талдама жасауды, жоғары органдардан келіп түскен кіріс құжаттарының орындалуын бақылауға алып, жауаптарын уақытында жолдауды жүргізу.Бөлімде  бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу, және тоқсандық талдама жасау, іс қағаздардың, жалпы құжат айналымын  мемлекеттік  тілде жүргізілуін қамтамасыз ету. Әкім аппаратында және оның құрылымдық бөлімдерінде оперативтік іс-қағаздардың және нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы орындалуын   және аудан әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімдерінде арнайы нұсқаулықтарға сәйкес іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің бірыңғай тәртібін қадағалау және нормативтік-құқықтық актілердің дайындалу  сапасын бақылау.Аудан әкімдігі бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының   жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4.Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, E-R-2 cанаты, 1 бірлік, №01-02.

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы», «Мүгедектерді оңалту туралы», «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» Заңдарының және бұйрықтарының орындалу барысын реттеу. Жұмыс берушілермен кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастыру. Облыс әкімінің, аудан әкімінің қаулылары мен аудандық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуін қадағалау және қамтамасыз ету. Бөлімнің іс-қағаздары мен кіріс-шығыс хаттарының уақтылы орындалуын қадағалау. Бөлімнің кадрлық және іс-жүргізу жұмыстарын орындау,бұйрықтар жобасын,есептерді дайындау. Бөлім қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау.Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес халыққа қызмет көрсету. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау.Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.Бөлім басшысы жоқ болған кезде міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мамандығы: мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік жұмыс немесе құқықтану немесе автоматтандыру және басқару.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 5. Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары, E-G-1 санаты, 1 бірлік № 01-02.

            Функционалдық міндеттері: Қоғамдық – саяси  мәселелерімен айналысады. Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының жұмысын ұйымдастырады, әкімнің  жұмыста жоқ  кезінде  міндетін  атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04.

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік-басқармалық сметаларын және штаттық кестесін дұрыс сақтау бойынша, белгіленген уақытқа сәйкес жылдық және айлық бухгалтерлік есептерді сақтайды және жүйелік дайындықтар мен жол сапар қағаздарын дайындайды. Жалақы бөлумен айналысады, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жөнінде операцияларды, банкке құжаттар дайындап, кассалық операциялармен басқа ұйымдармен расчеттар бойынша операция жүргізеді.Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуына және оның жоғары деген орындалуына, кассалық кітаптарға, мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық шоттарына, жұмысшылар мен сала қызметкерлерінің айналым ведомостің жүргізуге жауап береді. Бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты, ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдері бойынша шаралар қабылдайды.Бухгалтерлік құжаттарды, кассалық және материалдық есептерді қосымшаларымен бірге сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.               Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-қаржы агенті, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-13.

            Функционалдық міндеттері:  Салық есебін жүргізеді, салық және міндетті төлемдерді жинайды. Айлық, тоқсандық, жылдық есептерді аудандық салық басқармасына тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-07.

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу. Айлық, тоқсандық, жылдық баланстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостьтарын, басқа бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Сенім хаттардың есебін жүргізу, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, іссапарлар кітабын жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Есеп кітабын және айлық жалақы, демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары: төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім-шарттардың орындалуын, төленетін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша салық комитеті, қазынашылық басқармасы, статистика басқармасы, әкімдіктің бөлімдерімен өзара іс қимыл жасау. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу, жабдықтар мен материалдар, статистикалық, бухгалтерлік есептерін жүргізу, қаржылық әрекеттер жасап, қаржы жоспарлары жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, № 01-03.

            Функционалдық міндеттері: Аппараттағы іс-қағаздарды жүргізу. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Жинақ папкаларымен жұмыс жүргізіп, орындаушылардан уақытында мәлімет алып, жоғары тұрған органдарға ақпараттардың уақытылы жолдануын қамтамасыз ету. Аппараттың кадрлық және іс-жүргізу жұмыстарын орындау, есептерді дайындау. Аппарат қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау. Техникалық қызмет көрсету персоналының еңбек шарттарын жасап, басқа да құжаттарын жүргізу. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Мұрағат  құжаттарының ведомстволық және жеке мұрағатқа қабылдануын, сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын, ведомстволық сақтауда тұрған құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Жоғары органдардың және ауыл әкімінің актілерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

10.Қақпатас ауылдық округі  әкімі аппаратының бас маман- бухгалтері, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04.

            Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына шара қолдану.Штаттық кестенің  өлшем бірлігінің дұрыстығын, ауылдық округ әкімінің аппаратына арналған шығындар сметасының орындалуын қадағалау және бухгалтерлік есеп құжаттарын, кассалық, материалдық қосымша шоттарға жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта