home
home home

Конкурс туралы хабарлама (16.04.2019)

Хабарландыру мәтініне

Персоналды басқару қызметі жауапты

 

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

E-4  санаты бойынша:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-2 санаты бойынша:  жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-R-3 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

E-G-3 санаты бойынша: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары:

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
Тенгеден бастап Тенгеге дейін
Е-4 77452

 

104935

 

E-R-2 127422

 

172394

 

E- R -3 96607

 

129920

 

E-G-3 69957

 

94109

 

 

         Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 1 қабат, № 4,5 кабинет, тел: 8(72636)2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-08-02.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратында дайындалатын құжаттардың ҚР Заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдігі қаулыларының заңдылығына жауапты және тіркеуге жататын нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу және Әділет органына тіркеуге ұсыну. ҚР сот мекемелерінде аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, оның аппаратының өкілі болып табылады. Аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысына құжаттар әзірлеп дайындау, комиссияның хатшысы міндетін атқару және белгіленген іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.Ауылдық округ әкідері шығарған шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары шығарған бұйрықтардың заңдылығына, дұрыс рәсімделгеніне бақылау жасау. Құқықтық сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне кеңес беру. Айналысатын мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау. Ауданнан таңдалатын алқабиге кандидаттарының тізімін жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

         Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: Құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2020 жылдың 12 ақпанына дейін ) Е-4 – санаты,  1 бірлік №01-10-02.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігінің әкімшілік – басқармалық сметаларын және штаттықы кестесін дұрыс сақтау бойынша, белгіленген уақытқа сәйкес жылдық және айлық бухгалтерлік есептерді сақтау және жүйелік дайындықтар мен жол сапар қағаздарын дайындау. Жалақы бөлумен айналысу, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жөнінде операцияларды, банкке құжаттар дайындап, кассалық операциялар мен басқа ұйымдармен расчеттар бойынша операция жүргізу.Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуына және оның жоғарғы деген орындалуына, кассалық кітаптарға, мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық шоттарына, жұмысшылар және сала қызметкерлерінің айналым ведомостің жүргізуге жауап береді. Бюджеттік қаржы саясатына байланысты аудан әкімінің, аудан әкімдігінің нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі

E-R-3 cанаты, 1 бірлік №01-02.

Функционалдық міндеттері: Діни бірлестіктер және оның филиалдарымен жұмыс жүргізу. Аудандағы діни ахуал мен саяси қоғамдық ахуалды зерделеу және талдау жүргізу. Бөлімнің жұмыс жоспарына, сәйкес аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі комиссияның отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тоқсанына 1 рет облыс әкімдігінің дін істері басқармасына аудандық БАҚ-та жарияланған діни мазмұндағы мақалалардың дайжестін жіберу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру. Дін саласындағы ақпараттық насихаттық топтардың жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзуға қатысты өтініштерін қарау, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті жерлерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша мәжілістерге, жиналыстарға материалдарды дайындаумен айналысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары.

Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары

E-R-2 cанаты, 1 бірлік №01-02.

Функционалдық міндеттері: Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қадағалау. Білім беру саласына бөлінген бюджеттің атқарылуы туралы есептерді бюджеттік заңнамаларда белгіленген формада және мерзімінде құрады және ұсынады. Жалпы білім беру мекемелерінің, білім бөлімінің  қаржылық жұмыстарына басшылық жасау және бақылау. Жоғары тұрған органдардың басшыларының қаулыларының, шешімдерінің, бұйрықтарының орындалуын бақылау; Мекемеге қарасты ұйымдарға жоспарлы қаражат бөлуді ұйымдастыруды жүзеге асыру; Шығыс сметасының орындалуын, педагог қызметкерлердің тарификациясын, құрылымы мен штатын бақылау. Мәліметтің уақытында және сапалы дайындалуына жауапты болу. Еңбек, қаржы, материалдық қорларды үнемді пайдалану саясатын жүргізеді. Үнемдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жетілдірілген түрі мен бақылау мен талдау әдісімен қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының білім үйлестіру орталығының, жалпы білім беру ұйымдарының, есеп тапсыруына басшылық жасау және бақылау; Басшының жеке өкімдерін орындауға. Бюджеттік рұқсаттамаларды рәсімдеу тәртібін сақтау және бақылау. Ағымдағы жұмыстар жөнінде білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс жасау. Қарауындағы мекемелердің шығыс сметасының орындалуына экономикалық талдау өткізу. Шығыс сметасының орындалуы бойынша мезгілдік және жылдық есеп берудің тапсырылуын қамтамасыз етеді. Сектор жұмысына басшылық жасайды; Бухгалтерлік операцияларды тауарлық – материалдық құндылықтарды және қаражаттарды көрсету. Білім беру ұйымдарының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу, мердігерлермен жасалған келісім шарттармен үнемі танысып отыру, орындалуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі, E-R-3 cанаты 1 бірлік №01-03.

Функционалдық міндеттері: Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жұмысын талдайды, жоспарлайды және даму бағдарламасының  жоспарын дайындайды. Өз өкілеті бойынша жоба, үкім, бұйрық, қаулы, әр түрлі сұрақтар бойынша ақпарат және анықтама қағазын,  жоғары органның құжаттарын, басшы алдындағы отырыстың және алқа мәжілісіне материал дайындайды. Желі толықтыру сұрақтарына қатысып, білім беру ұйымдарын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде экономикалық қызметпен біріге отырып жұмыс істейді. Білім мекемелері мен мектепке дейінгі  ұйымдарыныңжөндеу жүргізу бойынша жұмыс істейді. Қаржы-шаруашылық іс – шараларды басқарады. Аудандық қамқорлық кеңесінің мүшесі және мектепке дейінгі мекемелерге орынды бөлу комиссиясының төрағасы. Басшы болмаған кезде оның міндеттерін атқарады. Басшының басқа да жеке тапсырмаларын орындайды.Мектеп оқушыларының арасындағыоблыстық олимпиаданы дайындау және өткізуіс-шараларын, оқушылардың қозғалысын, осы сұрақтар бойынша есеп беруін, сараптама жасауын, білім бөлімінің тәрбие сұрақтары бойынша заң актілерін, нормативтік және директивті құжаттарды дайындауын, жоғары органның құжаттарының, басшы алдындағы отырыстың және алқа мәжілісіне материалдың дайын болуы мен орындалуын,білім беру мекемелерінің қысқы жылу маусымына дайындығын бақылайды.Білім бөлімінің жұмысын өз лауазымы бойынша үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары.

Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит, немесе білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізу секторының меңгерушісі E-R-3 cанаты, 1 бірлік №01-03.

Функционалдық міндеттері: Аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және оған өзгерістер енгізеді. Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалайды. Аудандық бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізеді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарының құрылуы және бекітілуі дұрыстығын бақылайды.Сотқа берілетін істер бойынша қорытындылар жүргізу, материалдарды дайындау. Талап- арыз жұмыстары, ҚР нормативтік құқықтық актілерін асырылуына бақылау жүргізеді.Аудандық бюджеттің атқарылуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат шешімінің жобаларын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық әкімдік қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады. Аудан әкімдігіне аудандық бюджеттің атқарылуы туралы бюджеттің уақытылы және тиімсіз атқарылуының себептерін көрсете отырып және аудандық бюджеттің бұдан былайғы атқарылуы бойынша әдістемелер жөніндегі ұсыныстарымен бірге мәлімет ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы: Қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-07.

Функционалдық міндеттері: Іс қағазын және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын жүргізу. Нотариат іс-әрекеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік.

Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта