home
home home

КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 04.09.2019

Хабарландыру мәтініне

Персоналды басқару қызметі жауапты

 

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

         Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

        

E-R-3 санаты бойынша:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

E-R-4 санаты бойынша:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-G-1 санаты бойынша:  

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

         4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

         6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-G-3 санаты бойынша:  

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары:

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
Тенгеден бастап Тенгеге дейін
E-R-3 106 359 142 815
E-R-4 95 210 128 834
E-G-1 122 425 164 899
E-G-3 90 963 122 463

 

         Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық, бюджеттік саясат және жоспарлау, экономиканың базалық салаларын дамыту және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі, E-R-3 cанаты, 1 бірлік, № 01-03.

         Функционалдық міндеттері: Экономикалық бағдарламалар, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді  жоспарларды әзірлеуге қатысу, сол мәселе бойынша аудан әкімдігіне және мәслихат кеңестеріне құжаттар әзірлеу. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептерді және мәліметті дайындау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша баяндамасына мәлімет дайындау. Келісімдер бойынша есептерді жинақтау. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және даму бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығындарының лимитін қалыптастыру.Бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне бюджет шығындарының лимиттерін жеткізу.  Бөлімдердің және аудан әкімі мен мәслихат аппараты бойынша бюджеттік өтінімдерді бағалау және олар бойынша бюджеттік комиссияда қорытынды беру. Мекемелер бойынша келер үш қаржы жылына аудан бюджетінің соңғы жобасын әзірлеу, оны бюджеттік комиссия қарауына енгізу. Сектор жұмысын жоспарлау және жоспарланған жұмыстардың орындалуын қадағалау. Сектор құзыретіндегі сұрақтар бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын, шешімдердің, Үкімдерінің, ҚР Үкіметінің Қаулыларының, облыс және аудан әкімінің Қаулыларының орындалуын  және олардың орындалуы туралы мәліметті өз уақытында тапсырылуын қадағалау.  Сектор қызметінің барлық бағыттарындағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мамандығы: қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  сектор  меңгерушісі, E-R-3 cанаты, 1 бірлік, № 01-02.

         Функционалдық міндеттері: Сектор жұмысына басшылық жасау.Мемлекеттік тұрғын үй қоры, аудандық маңызы бар жолдардың жөнделуі, жолаушылар көлігі, ауыз-су, отын энергетикалық кешендік жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімнің жұмыс жоспарының дайындалуын қамтамасыз ету. Жалпы бағынысты мекемелердің қаржылық жұмыстарына басшылық жасау және бақылау. Мекемеге қарасты ұйымдарға жоспарлы қаражат бөлуді ұйымдастыруды жүзеге асыру. Шығыс сметасының орындалуын, қызметкерлердің тарификациясын, құрылымы мен штатын бақылау. Мәліметтің уақытында және сапалы дайындалуына жауапты болу. Еңбек, қаржы, материалдық қорларды үнемді пайдалану саясатын жүргізеді. Үнемдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жетілдірілген түрі мен бақылау мен талдау әдісімен қамтамасыз ету. Бюджеттік рұқсаттамаларды рәсімдеу тәртібін сақтау және бақылау. Ағымдағы жұмыстар жөнінде бағынысты мекемелермен  тығыз байланыс жасау. Қарауындағы мекемелердің шығыс сметасының орындалуына экономикалық талдау өткізу. Шығыс сметасының орындалуы бойынша мезгілдік және жылдық есеп берудің тапсырылуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына бақылау жасау, мердігерлермен жасалған келісім шарттармен үнемі танысып отыру, орындалуын қадағалау. Сектор жұмысын жоспарлау және жоспарланған жұмыстардың орындалуын қадағалау. Сектор құзыретіндегі сұрақтар бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын, шешімдердің, өкімдерінің, ҚР Үкіметінің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің қаулыларының орындалуын  және олардың орындалуы туралы мәліметті өз уақытында тапсырылуын қадағалау.  Сектор қызметінің барлық бағыттарындағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру. Бөлімге, секторға жүктелген өзге де  міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе экономика  немесе қаржы немесе есеп және аудит  немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 3. Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің   бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-05.

         Функционалдық міндеттері: Аудан аумағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорының ұлғайтуына жұмыс жүргізу, олардың сақталуын қадағалау, тұрғын үй қорын түгендеу. Жаңа соғылған жеке тұрғын үйлерді қабылдау комиссиясына ұсыныс жасау, оның жұмысына қатысып отыру. Тұрғын үй құрылыстарын коммуналдық тұрғын үй қорына алу. Тұрғын үйлерді коммуналдық меншікке алу жұмыстарын ұйымдастыру. Коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлердің жағдайына бақылау жасау. Жеке және коммуналдық тұрғын үйлерге (пәтерлерге) қатысты мәселелер бойынша сот ісіне қатысу. Тұрғын үй комиссиясы отырысын өткізу, хаттамалау, рәсімдеу жұмыстарын жүргізу.  Аудан аумағында тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту бағдарламаларын орындау мақсатында мекеме-ұйымдарымен, ауылдық округтер әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау.  Бөлімге қатысты мәселелер бойынша тұрғындардың арыз-шағымына сараптама жасау, уақытылы жауап беру. №1-ТӨ нысаны бойынша есеп беру. Аудандық штаб отырысының жұмысын үйлестіру және хаттамалау.Бөлімнің кадрлық және іс-жүргізу жұмыстарын орындау, есептерді дайындау. Бөлім қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау.Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау.Бөлімге, секторға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе экономика  немесе қаржы немесе есеп және аудит  немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-03.

         Функционалдық міндеттері: Сауда, қызмет көрсету саласында мониторинг жүргізу, тауарларды өндіру және сатуға қолайлы жағдай жасау үшін, сауда қызметтері мен қызмет пен қызмет көрсету саласын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік-2020», «Инвестор-2020», «Экспорт-2020 тиісті бағыты бойынша бұдан әрі – Бағдармалар жүзеге асыру байланысты қызметті жүзеге асыру, бағдарламалар аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау көрсету шараларын асыру, сауда және қызмет көрсету мәселелері бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар, және басқа) дайындау, ақпараттар мен есептердің уақтылы әзірлеуін және олардың дер кезінде жіберілуін қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте келіп түскен азматтардың арыздары мен өтініштерін қарау, аймақтағы сауда кәсіпорындары, қызмет көрсету саласы туралы мәліметтер базасын жаңартып отыру,Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары мен тапсырмалары, Премьер Министрдің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен министрліктерінің қаулылары мен жарлықтарын, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен жарлықтарын орындау барысын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік статистика мекемелерінің мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізеді және бағалардың өсуін болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқарады, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы туралы хаттама толтыру, аудан аумағында сауда кәсіпорындары, қызмет көрсету саласының қызметін үйлестіру, олардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру, аймақтың сауда кәсіпорындары, қызмет көрсету саласына ұйымдастыру-практикалық, әдістемелік, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсету,сауда жұмысшылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді, кеңсенің жұмысын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысты заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, іс жүргізу жүйесі,ұйымдық-өкімдік құжаттама бірегей жүйесінің стандарттары, ұйымның құрылымы, іс жүргізуді ұйымдастыру, құжат айналымының сызбалары, істердің номенклатурасы, тұрақты және уақытша сақталатын істердің тізбесі, істерді мұрағатқа тапсыру мерзімдері және тәртібі,еңбек занңамасы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша жұмыстарды атқару, түрлі қоғамдық шаралар конференция, көрмелер, «дөнгелек үстелдер», семинар-кенестер, тренингтер және басқаларды өткізуге қатысу,ауданда өндірілетін өнімдер мен халық тұтынатын тауарлардың көрмелерін және көтерме сауда жәрмеңкелерін өткізу. Бөлімнің кадрлық және іс-жүргізу жұмыстарын орындау,бұйрықтар жобасын,есептерді дайындау. Бөлім қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау.Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Келетін және жөнелтілетін хат-хабардың уақытылы өңделуін, құжаттардың орындалу мерзімдеріне және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады, іс-жүргізу құжаттарын, сонын ішінде істерді құрастыру және оларды сақтауға тапсыру. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау.Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе материал тану және жаңа материалдар технологиясы немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі немесе  құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы(негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2020 жылдың 01 шілдесіне  дейін ), Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-04.

         Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында шағын және орта бизнестін субъектілерін дамыту бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізу мәселесін қадағалау,туризм және қызмет көрсету саласында мониторинг жүргізу, туризм мәселелері бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, жобаларын, материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар, және басқа) дайындау,аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, «Бизнестің жол картасы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Инвестор-2020», (бұдан әрі – Бағдарламалар) жүзеге асыру байланысты қызметті жүзеге асыру, бағдармалар аясында кәсіпкерлік субьектілеріне қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру, ақпараттар мен есептердің уақтылы әзірлеуін және олардың дер кезінде жіберілуін қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте келіп түскен азматтардың арыздары мен өтініштерін қарау,аймақтағы туризм саласы туралы мәліметтер базасын жаңартып отыру, Қазақстан Республикасы Зандарын, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары мен тапсырмалары, Премьер Министрдің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен министрліктерінің қаулылары мен жарлықтарын, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен жарлықтарын орындау барысын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады. Аудан аумағында туризм саласының қызметін үйлестіру, олардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру,-аймақтың туризм саласына ұйымдастыру-практикалық, әдістемелік, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсету,туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу,өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеу және орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға және халықаралық іс-шараларда мемлекетті туризм саласындағы мүдделерін білдіру және олардың жұмысына қатысу,мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристердің қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру,Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы занңамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру,әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану,Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрменкелер өткізу жолымен тарту,түрлі қоғамдық шаралар конференция, көрмелер, «дөнгелек үстелдер», семинар-кенестер, тренингтер және басқаларды өткізуге қатысу. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау.Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе материал тану және жаңа материалдар технологиясы немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе туризм немесе  құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы(негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2021 жылдың 25 шілдесіне  дейін ),  E-R-4 cанаты, 1 бірлік, №01-03.

         Функционалдық міндеттері: Бөлімнің кадрлық және іс-жүргізу жұмыстарын орындау, есептерді дайындау. Бөлім қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Келісімдер бойынша мәліметтерді жинақтау және дайындау.Бөлімге жүктелген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылау. Мекеменің бақылауындағы құжаттардың уақытылы орындалуын қадағалау. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша материалдар, ақпараттар дайындау.Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарға мерзімінде жауап қайтару.Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Қызмет көрсету саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Жерге орналастыру немесе кадастр немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе геодезия және картография немесе экономика  немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, E-R-4 cанаты, 1 бірлік, №01-05.

         Функционалдық міндеттері: Аудандық  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты  іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарына сараптамалық шолу, басылымдар жарияланымдарына контент-талдау жасау және бағдарламаларға мониторинг жүргізу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, қоғамдық кеңес және бас редакторлар отырыстарын ұйымдастыру, аудандық басылымдарда мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын мақалалардың тізімін әзірлеу, материалдардың шығуын қамтамасыз ету, бөлімнің құзыретіне қатысты хаттарды, өтініштерді, заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, бекітілген медиа-жоспарлардың орындалуын бақылауда ұстау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алулар конкурстарын өткізу. І-ІІ жартыжылдықта мерзімдік басылымдарға жазылуды бақылайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің іске асырылуы бойынша жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары, E-G-1 санаты, 1 бірлік № 01-02.

         Функционалдық міндеттері: Қоғамдық – саяси  мәселелерімен айналысады. Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының жұмысын ұйымдастырады, әкімнің  жұмыста жоқ  кезінде  міндетін  атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері,E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 01-06.

         Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына іс-шара қолдану. Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік жобалық – басқару шығындары және штаттық кестенің дұрыс орындалуын жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп құжаттарына, кассалық, материалдық шоттарға және де оның қосымшаларына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Ауқатты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері,

E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 01-04.

         Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке тиселі өкімдері мен шешімдерінің орындалуына шара қолдану.Штаттық кестенің  өлшем бірлігінің дұрыстығын, ауылдық округ әкімінің аппаратына арналған шығындар сметасының орындалуын қадағалау және бухгалтерлік есеп құжаттарын, кассалық, материалдық қосымша шоттарға жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-қаржы агенті, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, №01-10.

         Функционалдық міндеттері: Округ аумағындағы салық төлеушілердің тізімін жасап, тұрғындарға салық төлеу жайлы хабарламаны дер кезінде таратып, тұрғындардан салық және өзге де төлемдерді толық және мерзімінде жинау. Салық төлеушілерге салық төлегені жайлы түбіртек беру. Жиналған қаржыны мерзімінде банкке өткізу. Шаруашылық кітаптарына тұрғындардың салық төлегені туралы мәліметті дер кезінде енгізу.  Мерзімінде төленбеген салық алымымен жұмыс істеу. Есеп беттерін жабу. Барлық сала бойынша салық міндеттерін атқаруды бақылауға алу. Әкім аппаратынан берілетін анықтамаларды рәсімдеу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.Аудандық уәкілеттік органдармен, ауыл аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 01-06.

         Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесін шақыру бойынша жұмысын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкіміне қызметіне сәйкес құжаттарды дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратында Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің, ауылдық округ әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, орындалу сапасына бақылау жасау. Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу, мөрлердің сақталуына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Жалпы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта