home
home home

Конкурс туралы хабарлама (02.05.2019жыл)

Хабарландыру мәтініне

Персоналды басқару қызметі жауапты

 

Қордай ауданы әкімінің аппараты барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

E-4  санаты бойынша:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         E-R-1 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-R-2 санаты бойынша:  жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-R-3 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары:

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
Тенгеден бастап Тенгеге дейін
Е-4 77452

 

104935

 

E-R-1 142412 192382
E-R-2 127422

 

172394

 

E- R -3 96607

 

129920

 

 

         Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 1 қабат, № 4,5 кабинет, тел: 8(72636)2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-08-02.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратында дайындалатын құжаттардың ҚР Заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдігі қаулыларының заңдылығына жауапты және тіркеуге жататын нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу және Әділет органына тіркеуге ұсыну. ҚР сот мекемелерінде аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, оның аппаратының өкілі болып табылады. Аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысына құжаттар әзірлеп дайындау, комиссияның хатшысы міндетін атқару және белгіленген іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.Ауылдық округ әкідері шығарған шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары шығарған бұйрықтардың заңдылығына, дұрыс рәсімделгеніне бақылау жасау. Құқықтық сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне кеңес беру. Айналысатын мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау. Ауданнан таңдалатын алқабиге кандидаттарының тізімін жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік. Мамандығы: Құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2020 жылдың 12 ақпанына дейін ) Е-4 – санаты,  1 бірлік №01-10-02.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігінің әкімшілік – басқармалық сметаларын және штаттықы кестесін дұрыс сақтау бойынша, белгіленген уақытқа сәйкес жылдық және айлық бухгалтерлік есептерді сақтау және жүйелік дайындықтар мен жол сапар қағаздарын дайындау. Жалақы бөлумен айналысу, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жөнінде операцияларды, банкке құжаттар дайындап, кассалық операциялар мен басқа ұйымдармен расчеттар бойынша операция жүргізу.Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуына және оның жоғарғы деген орындалуына, кассалық кітаптарға, мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық шоттарына, жұмысшылар және сала қызметкерлерінің айналым ведомостің жүргізуге жауап береді. Бюджеттік қаржы саясатына байланысты аудан әкімінің, аудан әкімдігінің нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 20.09.2019 жылға дейін)Е-4 – санаты, 1 бірлік № 01-09-03.

         Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтер мен аудан әкімдігі бөлімдерінде Әдеп кодексі нормаларының мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталуы бойынша және тәртіптік комиссиялардың жүргізген жұмыс қорытындылары туралы мәліметтерді жинап, тосан сайын Жамбыл облысының тәртіптік кеңесіне жіберілуіне жауапты. Тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметкерлердің есебін жүргізу (ауылдық округтердегі, әкімдігі бөлімдеріндегі, аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлерді қамтиды). Осы мәселеге байланысты аудан әкімінің өкімдерін дайындау. Аудан әкімі жанындағы тәртіптік комиссия жұмысының құжаттарын дайындайды және дұрыс жүргізілуіне жауапты. Уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін бос лауазымды толтыру жөніндегі өтінімдер және өзге де қажетті ақпаратты дайындау. Аудан, ауылдық  округ әкімдері аппараттарының, аудан әкімдігі бөлімдерінің біліктілік талаптарының жинағын заңнамаға сәйкес дайындалуына жауапты. Кадрлармен жұмыстың жағдайын зерделейді және кадр сапасын жақсартуға байланысты ұсыныстар енгізіп отырады. Бос тұрған мемлекеттік қызметшілердің және коммуналдық кәсіпорындардың орындарына конкрус өткізу үшін тиісті материалдарды дайындау. Конкурс кезінде талапкерлерге қойылатын сұрақтарды дайындайды, бекітуге ұсыну. Конкурстық комиссия хаттамаларын даярлау және Заңнамаға сәйкес ауыстырылатын қызметкерлердің құжаттарын даярлау. Кадрлар жөнінде статистикалық есебін, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бос орындарына жүргізілген конкурстық жүйенің тоқсандық және жылдық есебін, бос әкімшілік лауазымдар, мемлекеттік қызметтегі мүгедектер, ротация бойынша есептер даярлау.Ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында  Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасымен байланыста жұмыс ұйымдастырады. Аудан әкімдігі бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының   жұмыстарын үйлестіру. Өзінің функионалдық міндетіне сәйкес бөлімге түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі-гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.Мамандығы-гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

         4.Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты,  1 бірлік №02-11.

         Функционалдық міндеттері: Жер  қатынастары бойынша жұмыстарды жүргізу. Бюджеттік жоспарлау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және сала аралық үйлестіру.Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің жер қатынастары   бойынша  қабылданған нормативтік актілерінің, бағдарламаларының орындалуын бақылау және қамтамасыз ету.Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және жерді тиімді пайдалану бойынша бағдарламалар мен жобаларды жасауды үйлестіру.  Заңды және жеке тұлғаларды өтініш тілектері мен арыз-шағымдары бойынша қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары. Мамандығы  – агрономия немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе геодезия және картография немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 5. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары, E-R-2 cанаты, 1 бірлік №01-02.

Функционалдық міндеттері: Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қадағалау. Білім беру саласына бөлінген бюджеттің атқарылуы туралы есептерді бюджеттік заңнамаларда белгіленген формада және мерзімінде құрады және ұсынады. Жалпы білім беру мекемелерінің, білім бөлімінің  қаржылық жұмыстарына басшылық жасау және бақылау. Жоғары тұрған органдардың басшыларының қаулыларының, шешімдерінің, бұйрықтарының орындалуын бақылау; Мекемеге қарасты ұйымдарға жоспарлы қаражат бөлуді ұйымдастыруды жүзеге асыру; Шығыс сметасының орындалуын, педагог қызметкерлердің тарификациясын, құрылымы мен штатын бақылау. Мәліметтің уақытында және сапалы дайындалуына жауапты болу. Еңбек, қаржы, материалдық қорларды үнемді пайдалану саясатын жүргізеді. Үнемдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жетілдірілген түрі мен бақылау мен талдау әдісімен қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының білім үйлестіру орталығының, жалпы білім беру ұйымдарының, есеп тапсыруына басшылық жасау және бақылау; Басшының жеке өкімдерін орындауға. Бюджеттік рұқсаттамаларды рәсімдеу тәртібін сақтау және бақылау. Ағымдағы жұмыстар жөнінде білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс жасау. Қарауындағы мекемелердің шығыс сметасының орындалуына экономикалық талдау өткізу. Шығыс сметасының орындалуы бойынша мезгілдік және жылдық есеп берудің тапсырылуын қамтамасыз етеді. Сектор жұмысына басшылық жасайды; Бухгалтерлік операцияларды тауарлық – материалдық құндылықтарды және қаражаттарды көрсету. Білім беру ұйымдарының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу, мердігерлермен жасалған келісім шарттармен үнемі танысып отыру, орындалуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары. Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе қаржы немесе экономика немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі, E-R-3 cанаты 1 бірлік №01-03.

Функционалдық міндеттері: Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жұмысын талдайды, жоспарлайды және даму бағдарламасының  жоспарын дайындайды. Өз өкілеті бойынша жоба, үкім, бұйрық, қаулы, әр түрлі сұрақтар бойынша ақпарат және анықтама қағазын,  жоғары органның құжаттарын, басшы алдындағы отырыстың және алқа мәжілісіне материал дайындайды. Желі толықтыру сұрақтарына қатысып, білім беру ұйымдарын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде экономикалық қызметпен біріге отырып жұмыс істейді. Білім мекемелері мен мектепке дейінгі  ұйымдарыныңжөндеу жүргізу бойынша жұмыс істейді. Қаржы-шаруашылық іс – шараларды басқарады. Аудандық қамқорлық кеңесінің мүшесі және мектепке дейінгі мекемелерге орынды бөлу комиссиясының төрағасы. Басшы болмаған кезде оның міндеттерін атқарады. Басшының басқа да жеке тапсырмаларын орындайды.Мектеп оқушыларының арасындағыоблыстық олимпиаданы дайындау және өткізуіс-шараларын, оқушылардың қозғалысын, осы сұрақтар бойынша есеп беруін, сараптама жасауын, білім бөлімінің тәрбие сұрақтары бойынша заң актілерін, нормативтік және директивті құжаттарды дайындауын, жоғары органның құжаттарының, басшы алдындағы отырыстың және алқа мәжілісіне материалдың дайын болуы мен орындалуын,білім беру мекемелерінің қысқы жылу маусымына дайындығын бақылайды.Білім бөлімінің жұмысын өз лауазымы бойынша үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит, немесе білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта