home
home home

конференция Бірлік тұрақтылық пен жасампаздыққа бастайды

 

10 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтіп, оған партия аудандық филиалының төрағасы Рүстем Дәулет, партияның Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Бақтияр Алдашов, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай және делегаттар қатысты.

 

Жалпы, 50 делегат қатысқан конференция жұмысын жүргізу төралқа мүшелеріне жүктеліп, алдымен жұмысшы органдар, яғни хатшылық, мандат, санақ және редакциялық комиссия құрамы сайланды. Атап өтетіні, партияның кезектен тыс конференциясы пандемия салдарынан «Nur Otan» партиясының арнайы Нұсқаулығы талаптарына сәйкес офлайн режимінде өтіп, жиынға қатысушылардың саны шектелді. Сонымен қатар, барлық санитарлық талаптардың орындалуына үлкен мән берілді. Осылайша, өзгеше өткен конференцияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралса, біріншісі «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық  филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасын бекіту мәселесі болды. Бұл турасында партияның аудандық филиалының төрағасы Рүстем Дәулет баяндама жасады.

– Бүгінгі Қазақстан – тарихи тамыры тереңнен бастау алатын, жемісті де табысты, қалыптасқан мемлекет. Күні кеше Ата Заңымыз – Конституцияның  және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өттік. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 30 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Сонау 2016 жылы партия басшылығымен жаңа сайлауалды бағдарламасы  қабылданып, 2021 жылға дейін «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздықты» мұрат еткен Қазақстан халқы әлем алдында өзінің өркениет көшіндегі жасампаздығын, әлемдік қауымдастықтағы бірлігін, Ұлы даладағы  мемлекетшілдіктің тұрақтылығын баяндайтын берекелі ел екенін дәлелдеп келді. Ал, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 21 қазандағы Жарлығымен 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауының тағайындалуы алдымыздағы бес жылда Қазақстанның ХХІ ғасырдағы тағдыр-талайы қандай болатынын айқындайтын жаңа бағдарламалық құжат қабылдау міндетін қоюда. Бұл кезең біздің еліміздің беріктігі және бәріміздің бірлігіміз сынға түсетін кезең болмақ. Осы кезеңде бізді біріктіретін ортақ мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады, – деген Рүстем Рысбайұлы жақында өткен партияішілік іріктеу – праймериз жайында әңгіме өрбітіп, бұл тәжірибе елімізде алғаш рет қолға алынғанын атап өтті.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.