home
home home

Көмек көрсетілуде

 

Қазіргі таңда дәрігерлер мен ауруханаларға жан-жақты көмек көрсетілуде.  Оған аудан кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен көрсетіліп жатқан көптеген қайырымдылық шаралары мен төмен бағамен келіп жатқан дәрі-дәрмектер дәлел. Осындай тағы бір қайырымдылық көмек күні кеше ауданға келіп жетті.

Бұл күнгі көмек аудандық орталық ауруханаға Алматы қаласынан келді. Онда кәсіпкерлер мен меценаттар бірігіп қазіргі қиын жағдайға байланысты арнайы қор ашқан. Осылайша, қайырымды жандардан құралған қор еліміздің әр түкпіріне көмектерін көрсетуде. Сол көмектің бірі біздің ауданға да жетіп отыр. Нақтырақ айтсақ, «Шұғыла» қоғамдық қоры оттегі концентратын аудандық орталық ауруханаға сыйға тартты. Онда емделушілерге арналған төрт бірдей аппарат іске қосылмақ. Мамандардың айтуынша, бұл оттегі концентраты қазіргі уақытта науқастарға ең қажетті дүниелердің бірі.

-Расында, орталық ауруханаға көптеп көмектер келіп жатыр. Өздеріңіз көріп отырғандай «Шұғыла» қоғамдық қорының өкілдері де қолдан келген көмегін аямауда. Осындағы емделушілер мен аурухана ұжымы атынан аталмыш қорға алғысымызды жеткізгіміз келеді, – дейді аудандық орталық аурухана өкілі Нағима Тастанова.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.