home
home home

Көк тудың желбірегені…

 

 

Егемендігімізді асқақтайтын, тәуелсіздігімізді күллі әлемге жар етуші мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын білдіретін ерекше құнды белгі болып табылады. Ал, оны құрметтеп, қастерлеу әр қазақстандықтың борышы.

Осыдан 28 жыл бұрын Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қоюымен 4 маусым күні «Рәміздер күні» ретінде аталып келеді. Жылдағы дәстүрге сай, биыл да Қордай ауданында аталмыш мереке жоғары деңгейде аталып өтті. Әр елді мекенде түрлі іс-шаралар өтіп, аудан тұрғындары еліміздің нағыз Отан сүйер патриоттары екенін дәлелдей білді.

Осыған орай Қордай ауылында Рәміздер күнін халық арасында насихаттау мақсатында автошеру ұйымдастырылды. Бірнеше автокөлікке мемлекеттік Ту ілініп, шеруге қатысушылар ауыл көшелерімен жүріп, тұрғындарға керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады. Автокеруен алдымен  Төле би көшесімен, кейін Жібек жолымен жүріп, Қордайдағы көпқабатты үйлердің маңына тоқтады. Өз кезегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары балкондарына Ту іліп, шеруге қатысушыларға қолдау білдірді. Ал, шерудің мәресі аудандық Мәдениет үй алдында аяқталды. Аудан өнерпаздары және «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері флешмоб ұйымдастырып, «Көк Тудың желбірегені» атты әнді қосыла шырқады. Шара соңында қатысушылар оң қолын кеудесіне қойып, мемлекеттік Әнұранға қосылды.  Шеруге қатысушылар бірауыздан Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті. Ал, аудан тұрғындары бұл күн ерекше екенін сезініп, мереке сыйлаған жандарға ризашылықтарын білдіріп жатты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.