home
home home

Кездесу

2018 жылғы 22 қарашада күннің бірінші жартысында ҚР Ұлттық Банк Жамбыл филиалының директоры Шарыгин Е.Е. қатысуымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Бағдарламасы бойынша азаматтарға кеңес беру ақпараттық орталығында «Баспана» ипотекалық ұйымының өкілі Мәліков Қ.Б. 6 серіктес-банк филиалдарының, Тараз қ. әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы (ТҮКШ) бөлімінің өкілдерімен және халықпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Бағдарлама бойынша ағымдағы сұрақтар талқыланды. «Баспана» ИҰ өкілі серіктес-банктер өкілдерінің, сондай-ақ Бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мәлімет үшін: ашылуы 2018 жылғы 19 қарашада өткен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Бағдарламасы бойынша азаматтарға кеңес беру ақпараттық орталығы келесі мекен жай бойынша орналасқан: Тараз қ., Қойгелді көш. 173, 1 кеңсе («Тараз» ӘКК ғимаратының 1 қабатында). Мұнда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіні қоса алғаға дейін 6 серіктес-банк филиалдарының қызметкерлері, өздеріне белгілеген апта күндері Тараз қ. әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп 7-20-25 Бағдарламасының талаптары, сонымен қатар тұрғын-үй объектілері бойынша азаматтарға кеңес береді.
Күннің екінші жартысында Тараз қ. әкімдігінің ғимаратында «Баспана» ипотекалық ұйымының өкілі Қ.Мәліков пен ҚР Ұлтты Банк Жамбыл филиалының директоры Е.Шарыгин бюджеттік ұймдардың қызметкерлерімен, еңбек ұжымдары және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Онда олар 7-20-25 Бағдарламасының талаптарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта