home
home home

Кеңес беру кеңсесі жайында

Кеңес беру кеңсесі құрылды

Елбасы халыққа арнаған биылғы Жолдауында облыс әкімдеріне «7-20-25» бағдарламасын өңірлерде дұрыс жолға қою қажеттігін қатаң ескерткен болатын. Қойгелді көшесі №173 мекенжайда арнайы ашылған кеңседе жергілікті әкімдіктің қызметкерлерімен қатар бағдарламаға қатысушы «Центркредит», «Халық», «Еуразиялық», «Цесна», «АТФ», «РБК», «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» мен «Форте» Банктердің өкілдері қала тұрғындарына кеңестер беріп, жеңілдіктер туралы хабардар етпек. Осылайша, Президент ұсынған бағдарламаны өңірімізде жоғары деңгейде жүзеге асыру қолға алынбақ.

–Елбасы ұсынған «7-20-25» бағдарламасын облыс көлемінде, оның ішінде бірінші кезекте Тараз қаласында қарқынды түрде жүзеге асыру үшін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен орталықтандырылған түсіндіру кеңсесін ашып отырмыз. Қазіргі таңда 42

адам дәл осы кеңседе өз пәтерлерін таңдап, екінші деңгейлі банктерге қажетті құжаттарын әзірлеуде. Жалпы бұл кеңсені ашудағы басты мақсат – облыс, қала тұрғындарына «7-20-25» бағдарламасының шарттарын, жеңілдіктерін түсіндіріп, бір жерден хабардар ету. Тұрғындар ендігі жерде ешбір делдалсыз жергілікті атқарушы билік және екінші деңгейлі банк арқылы пәтерлерін рәсімдей алады, – деді қала әкімінің орынбасары Сайлауғалы Байназаров.

Бүгінде шаһарда үй кезегінде тұрған 16500 адамның 300-і аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Тараздықтарға екінші деңгейлі банктер арқылы «Арай» мөлтек ауданынан 101 және «Бәйтерек девелопмент» тұрғызған 34 пәтер ұсынылуда. Бұдан басқа, жуық арада 15-ші шағын аудандағы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 800 пәтер 559-ы тұрғындардың игілігіне беруге дайын.

– Биылғы жылдың наурыз айында Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, алғашқы бастамада көрсетілген «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруды Ұлттық банкке жүктеген болатын. Үстіміздегі жылдың маусым айында бұл бағдарламаны жүзеге асыру қолға алынып, 7 банкпен келісім шартқа отырған «Баспана» компаниясы құрылды. Бүгінде біздің өңірімізде екінші деңгейлі 6 банк жұмыс істейді. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында қаламызда ашылған орталықтандырылған түсіндіру кеңсесі арқылы тұрғындар тұрғын үй туралы ақпаратқа қол жеткізіп, екінші деңгейлі банк өкілдерінің ақыл-кеңестерін тыңдай алады. Кеңседе екінші деңгейлі банктердің өкілдері дүйсенбіден сенбіге дейін тұрғындарға қызмет көрсетуге дайын. Жақын күндері «Арай» және 15-ші мөлтек аудандарында «Нұрлы жер» бағдарламасымен бой көтерген тұрғын үйлер пайдалануға берілмек. Сондай-ақ жеке меншік үйлер бар. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындарға қойылатын басты талаптар: Қазақстан азаматтығының болуы, ипотекалық заемдары мен жеке меншік үйінің болмауы және тұрақты табысының болуы. Міне, осы талаптарды орындаған жағдайда банктерге барып, өз мүмкіндіктерін білуге болады. Жуық арада «Баспана» акционерлік қоғамы жаңа жобаны қолға алды. Аталған жоба арқылы тұрғындар ендігі жерде бағдарламаға қатысуға мүмкіндіктері бар-жоғын біле алады. Ал тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігі жоқ жас отбасылар жақындары арқылы баспананы иемденбек, – дейді Ұлттық банктың облыстағы филиалы директорының орынбасары Нұрлан Махамбетұлы.

Бұл күні енді ғана ашылған су жаңа кеңсеге келушілер уақыт үнемдеуге жағдай жасаған облыс басшылығына өз ризашылықтарын білдіруде.

– Бұл жастарымыз үшін таптырмас мүмкіндік. Бұдан бөлек, облыс әкімі Асқар Мырзахметовке осы бағдарламаны жүзеге асыруды қолға алып, қаламызда орталықтандырылған кеңсені құруға ықпал еткені үшін ризашылығымды білдіремін.

Мемлекеттік қызметкер ретінде бүгін өз басым баспана алуға ұсыныс беру үшін осы кеңсеге арнайы келдім. Кеңсе арқылы банктен әкімдікке, одан кейін қарай тағы сандалмай, уақыт үнемдедім. Сондай-ақ өзім таңдаған банктің қызметі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік туды, – дейді қала тұрғыны Жарылқасын Сарбарбеков.

Арайлым Шабденова

Ссылка на документ http://z-taraz.kz/index.php/kz/cityandwe/8260-ke-es-beru-ke-sesi-ryldy?fbclid=IwAR1kvnB3I_zUq-JVR4Ho81sRBhOQ6qiGyhY4Ih7fkoB0-SU9jebX4XBjVS0

© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта