home
home home

Кененде тындырымды тірлік бар

Кененде тындырымды тірлік бар

Аудан әкімдігіндегі баспасөз қызметінде өткен кезекті брифингке Кенен ауылдық округінің әкімі Нүркен Жаманкөзев келіп, 2019 жылдың 9 айы ішіндегі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасады.

 

Бюджетке түсетін салықтық төлемдердің жоспарға сай атқарылғанын айтып өткен ауыл басшысы жыл басынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша қоғамдастық мүшелерімен 11 жиын ұйымдастырылып, қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытындағы жұмыстар жайына тоқталды. Кенен ауылында «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Е.Қашағанов көшесінің 150 метр жолына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, қыркүйек айында Н.Белашов көшесінің 480 метріне жарықтандыру жүргізілсе, Саймасай Кәкетай және Тыныбай Мажирин көшелеріне 17 дана көше бағыттағыш орнатылған.

Ауылдағы ауыл шаруашылығы саласы да оңды жолға қойылған. Биылғы жиын-терім жұмыстары толығымен аяқталып, шаруалар астықты шашау шығармай жинап алыпты. Кәсіпкерлік саласы бойынша, аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес», «Береке» бағдарламаларына қатысқан бірқатар кенендіктер несиесін алып, кәсібін бастаса, екі азамат құжаттарын өткізіп қойған.

– Ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы індеттерге қарсы жұмыстарын 7 мал дәрігер мамандары атқарады. Олар керекті жабдықтармен және автокөлігімен қамтамасыз етілген. Ауылда малдарға бекітілген жоспар бойынша алдын ала егу шаралары, қан алу, сырға салу және ветеринариялық анықтама беру жұмыстары жолға қойылған. Ағымдағы жылы жаңа ветеринарлық пункт іске қосылды, – деді Н.Жаманкөзов.

Кененде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 34 адам болса, бір азаматқа шартсыз әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Сонымен бірге, нәтижесіз жұмыспен қамтылған 50 азамат бүгінгі күні өзектендіріліп, санаттары анықталған.

Қайрымдылықты жанына серік еткен кенендіктер сол бағытта да қомақты жұмыстар атқарыпты. Мәселен, бір көпбалалы отбасына ауыл әкімшілігі мен ауыл имамының ұйытқы болуымен кенендік жамағат 3 миллион теңгеге үй алып берсе, бір жалғыз басты ана мен тұрмысы төмен тағы бір отбасына қаржылай көмек көрсетілген. Ал, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 24 оқушыға мектепке қажетті формасы мен құралдар тарту етілді.

Брифинг соңында ауыл әкімі БАҚ өкілдері тарапынан және әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден түскен сұрақтарға жауап берді.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта