home
home home

Кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы шыққалы оны халық арасында насихаттау жұмыстары қыза түсті. Әр өңірде арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, нақты істер басталды.

 

Дүйсенбі күні Жолдауды насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалында жиналыс өтті. Кездесуде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұл ауыл тұрғындарына Жолдауда айтылған маңызды мәселелерді алға тартып, сөз кезегін аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ержан Әденге берді. Өз кезегінде Ержан Мәмбетұлы Президенттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, шағын және орта бизнеске қолдау шараларын арттыру жөніндегі тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабылдағанын жеткізді.

-Биылдан бастап жүзеге асқан «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасын тиімді және ұтымды пайдалана отырып, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз өткізуге болады. Бұл пилоттық жоба оңтүстік өңірлерде 2020 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Қазірдің өзінде «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында Жамбыл облысының сауда желілеріне өндірген өнімін өткізуге 52 тауар өндіруші дайын. «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асыру үшін Жамбыл облысына 1 млрд теңге бөлінгенін атап өту керек. Сонымен қатар, Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту жобасы да өз нәтижесін беруде, – деген Е.Әден келесі жылы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау одан да арта түсетініне сенім білдірді.

Осыған орай Ержан Мәмбетұлы кәсіпкерлік саласына қатысты сұрақтар бойынша аудандық палатаға жүгінуге болатынын тілге тиек етіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде жиын қатысушылары Президенттің Жолдауын қолдайтынын білдірді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.