home
home home

Кәсібі өрлеген мекен

Кәсібі өрлеген мекен

Аудан әкімінің бейсенбі күнгі кездесуі бекітілген кестеге сай Масанчи ауылының мәдениет үйінде өтті. Құрамына Масанчи, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдары кіретін округтегі есепті жиында атқарылған іс ағынан ақтарылып, тұрғындар көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап ала алды.

Халықтың қарасы көп жиылған жиын дәстүрге сай ауылдық округ әкімі И.Юбуровтың есебінен басталды. Өз баяндамасында ол Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған тірліктерді жіпке тізді. Сондай-ақ, баяндамашы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті қауымдастықпен бірлесе атқарған ауқымды жұмыс жайында айтып өтті. Мәселен, көшелерді жарықтандыру үшін электр бағаналары алынып, Күнбатыс ауылында көше жарығы жөндеуден өткен. Сонымен қатар, көшелерге қиыршық тас төселіп, жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнымен қатар, өткен жылы іске асырылған маңызды іс-шаралардың қатарына 60 орындық Құран оқыту орталығының ашылуын қосуға болады.

Өз баяндамасында Болатбек Байқонысұлы ұзындығы 30,5 шақырым Қарасу-Масанчи-Сортөбе жолының орташа жөндеуіне республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қарастырылғанын, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл аяқталатынын атап өтті.

Жиын барысында кездесу қатысушылары туындаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Аудан әкімі аталмыш мәселені зерделеп, ақпан айында бюджетті нақтылау барысында инфрақұрылымның құрылысына қаражат қарастырылатынын жеткізді.

Сонымен бірге, масанчилықтар интернет жылдамдығының баяулығы, ұялы байланыстың сапасына қатысты мәселелерді көтерді. Бұл бойынша мамандар жауап беріп, тиісті шаралар қолға алынатын болды.

Барлық ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмай, өз кезегімен шешіледі. Ауыл тұрғындары аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің жыл ішінде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген бағаларын берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта