home
home home

Іздегенге – сұраған

 

Өткен сәрсенбі күні «Бейбітшілік пен келісім» жобалары аясында аудандық Мәдениет үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға жұмыссыздар, жазасын өтеп келіп, пробациялық бақылауда тұрған азаматтар қатысты. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов ашып, жұмыс іздеп келген азаматтарға сәттілік тілеп, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертті. Жәрмеңкеде барлығы 164 бос жұмыс орны ұсынылды, олардың 69 – білім беру саласында, 20 – денсаулық сақтау саласында, 75 – басқа бағыттарда.

Жәрмеңкеге 12 жұмыс беруші қатысты, олардың ішінде: мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен жеке кәсіпкерлер.

Бұл күні жұмыс іздеп келгендер қарасы көп болды. Іс-шараны ұйымдастырушы жұмыспен қамту орталығының директоры С.Көпешовтың айтуынша жиі ұйымдастырылып тұратын жәрмеңкелердің арқасында «екі қолға бір күрек» тапқан жандар жетерлік екен.

«Бүгін біз бос орындарды ұсынып, ұжымымызды жаңа қызметкерлермен толтыру үшін келдік. Бізге мұғалімдер қажет. Осындай іс-шара барысында сұхбаттасып, жақсы қызметкер табу мүмкіндігі бар», – дейді жәрмеңкеге келген Рза Қунақова атындағы №35 ОМ директоры А.Сатыбалдиев.

Одан басқа іс-шара барысында мемлекеттік бағдарламалар шапағатын көріп отырған кәсіпкерлер өз өнімдерін сатылымға шығарды. Сауда-саттыққа тоқылған сөмкелер, тауық еті, тәттілер шығарылды. Ұлттық аспапта ойнаған жас өнерпаздар жәрмеңке қатысушыларының көңілін көтеріп, өз өнерлерін көрсетті. Айта кетерлігі ол ұлттық аспаптар бизнесін дамытуға алған мемлекеттік көмектің арқасында тағы бір қордайлық кәсіпкердің өз қолымен жасалған.

Іс-шара нәтижесінде ақылы жұмыс орындарына 10 адам жолдама алып, 20 азамат жұмыс берушілермен сұхбаттасуға, 44 адам тұрақты жұмысқа жолданды. Одан басқа 30 азамат мемлекеттік грант және шағын несие алу бойынша кеңес алды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.