home
home home

Іссапар

Күні кеше аудан әкімі Б.Байтөле жұмыс сапарымен Үлкен Сұлутөр және Сұлутөр ауылдық округіне барып, бірқатар нысандардың жай-күйін қарап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Іс-сапар барысында Үлкен Сұлутөр ауылында дәрігерлік амбулатория, ветпункт, пошта сынды әлеуметтік нысандарды аралап, өзекті мәселелермен танысып, оларды шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Кейіннен ауылдық мектептің мәжіліс залында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, олардың көкейінде жүрген сауалдары мен мәселелерін тыңдап, ауыл тұрғындары көтерген ең өзекті – ауыз су мәселесі бойынша нақты тапсырмалар берді. Келесі ретте Көктөбе ауылында болып, ауылдық клуб пен №40 негізгі мектепке кіріп, жай-күйімен танысты. Ал, Сұлутөр ауылында да әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысын байқап, №37 орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл жерде де ауыз су мәселесі көтерілді. Өзекті мәселені шешу жолдары сараланып, жергілікті билік өкілдеріне және жауапты мекемеге жүктеліп, толықтай қадағаланады. Тұрғындардың өзге де жеке басты сұрақтарына жауап беріліп, кей мәселелердің шешімі сол жерде табылды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.