home
home home

ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ

ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ

     

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні аудан әкімі Б.Байтөле «Aurum Deutschland» ЖШС-нің бас директоры Ю.Фадеевпен кездесіп, Қордай ауданында индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысымен  және құрамында алтыны бар кенді игеру жобасының іске асу барысымен танысты. Кездесу барысында екі жақты өзара ынтымақтастық мәселелер қаралып, инвестициялық жобаның іске асырылуы туралы айтылды.

         Компания 2019 жылы  ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу және технологиялық регламент жасауды жоспарлап отыр, сондай-ақ,  ауданға жалпы 2,3 млрд теңге инвестиция тартылады деп көзделуде.

Сонымен қатар, компания тарапынан ауылдық округтердің инфрақұрылымын дамытуға және қажетті әлеуметтік нысандар салуға 80 млн теңге қаражат қарастырылатындығын жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта