home
home home

Хаттама толтырылып, айыппұл салынды

 

Жамбыл облысы мемлекеттік бас санитариялық дәрігердің қаулысымен өңірімізге 19 қазаннан бастап карантиндік шаралар күшейтілген болатын. Осыған байланысты облыс бойынша кешкі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруына шектеу қойылып, сауда орындары, дәмханалар және өзге коммерциялық нысандардың жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді. Яғни, бірқатар шектеулер қойылған.

Сейсенбі күні сағат тілі түнгі оннан асқанда аудандық мобилді топ өз жұмыстарын бастады. Рейд барысында орталықтағы «Қордай сити», «Семейный» және гүл сату орындарымен қатар өзгеде нысандар тексерілді. Мобильді топ саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді. Аудандық мобильді топ жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов әр нысанды жекелей аралап, сауда әкімшіліктеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин шараларын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бүгінде аудан жұртшылығы карантин шараларының облысымызда енгізілгенінен хабардар. Өйткені, бұл түнгі рейдтік жұмыстарда дәмханалар мен мейрамханалардың есіктері жабық тұрғанын байқадық. Ал, азық-түлік дүкендері жұмыстарын жасауда. Тек карантин ережелерін сақтау арқылы. Осы мәселелер бойынша да аудан орталығындағы әрбір дүкенге кіріп, ондағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалаған Бейқұт Жамангозов, тәртіп бұзылған жағдайда дереу хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті. Мобильді топ түн ішінде жүрген көлік жүргізушілеріне де ескертулер жасады. Дей тұрғанымен, шектеу шараларына бей-жай қарап, талапты елемегендер де кездесті.  Ол азаматтарға қатысты хаттама толтырылды. Осы түні рейд барысында 70 тен астам көлікті тоқтатып, оларға ескерту жұмыстары жүргізілсе, 7 тұрғынға хаттама толтырылды. Сонымен қатар, шектеулі уақыттан асып, жұмысын тоқтатпаған бір монша мен  екі дәмхана әкімшілігіне де хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Бұл күні жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне соңғы ескертулер айтылғанын айта кеткен жөн. Ендігі рейд жұмыстарында түсіндіру жұмыстары емес хаттамалық жұмыс жүретіні ескертілді.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.