home
home home

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ

Құрметті Қордай ауданының тұрғындары!
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметшінің халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімді арттыру мақсатында, қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.
Бұл бағытта Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен жобалық басқару және қоғамдық бақылау негізінде кешенді жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін «Параграф» ақпараттық жүйесі мен «Zakon.kz» интернет – басылымының қатысуымен, кезекті «Халық заңгері» республикалық акциясын қараша айында өткізу жоспарлануда.
Қордай ауданында ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-де «Халыққа қызмет көрсету департаменті бойынша Қордай аудандық бөлімінде» (Қордай ауылы, Домалақ ана 215) өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараға аудан әкімдігінің бөлімдерінің әр сала бойынша кеңес беруші мамандар, адвокаттар, сот сарапшылары, нотариустар қатысатын болады.
Әр түрлі мәселелерді осы акция шеңберінде сауал алып, шешімін табуға үлкен мүмкіндік.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.