home
home home

ХАТТАМА

Қордай ауданына қарасты Қордай ауылдық округі  Қордай ауылындағы Украинская, Заводская, Спортивная және 8 марта көшелері тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1 ХАТТАМАСЫ

 

Қордай ауылы                                                                              22.10.2018 жыл

сағат 10.00

 

Жиналыс төрағасы: Б.Сахатов

Жиналыс хатшысы: Л.Тукменбетова

Жиналысқа қатысқандар:

1)жергілікті қоғамдастық мүшелері -10 адам,

2) Украинская, Заводская, Спортивная және 8 марта көшелерінің тұрғындары -146 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

     Қордай ауданы Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Шаттық, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін  – Балдәурен көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Б.Сахатов, Т.Калыгулов, М.Оспаниянова, С.Морозовалар сөз сөйледі.

Б.Сахатов: Қордай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Украинская, Заводская, Спортивная және 8 марта көшелерінен 146 тұрғын және 10 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста  Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Шаттық, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін  – Балдәурен көшесі деп қайта атау қажеттігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өңірдегі мағынасы ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырма да түскен болатын.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Т.Калығұлов:Қордай ауылындағы Украинская, Заводская, Спортивная және 8 марта деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Тараз, Шаттық, Шымбұлақ және Балдәурен атауын беруді дұрыс деп санаймын.

С.Морозова:Осы уақытқа дейін ауылымыздағы кейбір көше атаулары мағынасы қазіргі заманға сай емес. Ауылымыздың көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

М.Оспаниянова:Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп санаймын.

Б.Сахатов: Қордай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- жоқ.

Қалыс –жоқ.

Қолдағандар саны -156 адам.

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Шаттық, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін  – Балдәурен көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

Жиынның шешімі:

 

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Шаттық, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін – Балдәурен көшесі деп қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясы отырысында қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

 

Жиын төрағасы                                                                                Б.Сахатов

 

Жиын хатшы                                                                             


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта