home
home home

ХАБАРЛАНДЫРУ

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (8-бап) сәйкес «Терроризмге қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдардың және әрбір азаматтың жеке-жеке міндеті болып табылады. ҚР азаматтары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді дереу хабарлауға міндетті».

Көрсетілген ақпаратты хабарлау азаматтық борышты орындау болып табылатындықтан, елеулі ақшалай сыйақымен ынталандырылады.

Осылайша, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 «Терроризм актісін болдырмауға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен терроризм актісін болдырмауға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі анықталды.

Атап айтқанда, терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган тарапынан (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) сыйақы төлеу көзделген.

Сыйақы бір мезгілде төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:

1) ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;

2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша-1000 (бір мың) АЕК.

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:

1) ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген;

2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату шыққан қаулыға байланысты.

Облыстық терроризмге қарсы комиссия аппараты

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта