Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тіл саясатын іске асыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақасатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген төмендегідей ІТ жобаларды ұсынады:
- tilalemi.kz – ақпараттық-танымдық портал;
- tilqural.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;
- tilmedia.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;
- www.balatili.kz – балалардың тіл меңгеруіне көмектесетін интернет ресурс;
- sozdikqor.kz – сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауға көмектесетін қосымша;
- termincom.kz – қазақ терминдерінің электорндық қоры;
- emle.kz – қазақ тілі орфографиясының анықтамалығы;
- qujat.kz –мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге арналған көмекші құрал;
- qazlatyn.kz – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты әзірленген сайт;
- www.atau.kz – ономастикалық атауларға арналған сайт.