home
home home

Еткен еңбектің жемісі

 

Ауданымыздың шаруалары қашанда жоғарғы көрсеткіштерімен қуантып отырады. Еткен еңбектің, төккен тердің қайтарымы да әрдайым қуанышты сәттермен байланысып тұрғаны қандай тамаша.

 

Жақында, ауданымыздың ғана емес аймағымыздың ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан, «Бай-Нұр» шаруа қожалығының негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер Саят Жетібаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығымашев Тараз қаласында салтанатты түрде табыс етіп, өз құттықтауын жеткізді.

«Бұл марапат біздің отбасымыз және шаруашылығымыз үшін үлкен жетістіктің бірі болды.  Жаңа 2021 жылды осындай жағымды нотамен бас-тау біздің алдығы қойған мақсатымызды одан ары айқындап, жоспарларымызды нығайтуға өзінің үлесін қосты деп айтсам қателеспеймін», – дейді марапат иесі.

Құттықтаймыз!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.