home
home home

“Еңбек шартын жасаңыз” атты республикалық акция

“Еңбек шартын жасаңыз” атты республикалық акция

Жамбыл облысы бойынша бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау мақсатында «Еңбек шартын жасаңыз!» атты акциясы жүргізілуде (еңбек шартын жасаспай жұмысшыларды жалдау).

Жасалған сараптаманың нәтижесі бойынша бейресми еңбек қатынастарына көбінесе құрылыс, сауда-саттық саласы, қоғамдық тамақтану және ауыл шаруашылығы салаларындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін төмен білікті жұмысшылардың еңбек қатынастарынан құралалады.

Сонымен қатар, ең осал санатқа жастар, атап айтқанда, жұмыс  тәжірибесі жоқ оқу орындардың түлектері жатады.

Бейресми еңбек қатынастардың бар болуы келесі жағымсыз нәтижелерге әкеледі:

– азаматтар еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесі, құқықтық қорғау және енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру салаларындағы кепілдіктерден айырылады;

– бюджетке салық түспеу және т.б. түрде мемлекет зардап шегеді.

Қазіргі таңда бейресми жұмысмен қамту және оның салдары әлеуметтік-еңбек қатынастар саласындағы біршама үлкен мәселе екенін назарға ала отырып, жұмыс берушілерге еңбек шарттарын жасасып, мемлекеттік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  аударымдарды уақытылы төлеу бойынша барлық шараларды қолдану қажет.

Аталған шарттар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 86 бабына сәйкес, жұмыс берушімен тұлғаны еңбек шартын жасаспай, жұмысқа тартқан лауазымды тұлғаларға – 30 АЕК, шағын кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК, орта кәсіпорындарға – 100 АЕК, ірі кәсіпорындарға – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынадығы туралы хабарлаймыз.

Қосымша ақпаратты  Қордай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарынан (Қордай ауылы, Белашов көш №3 үй) және 4-86-02,4-83-02,4-82-88 байланыс телефондары арқылы алуларыңызға болады


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта