home
home home

Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі

Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру және әлеуметтік-еңбек саласы жүйесінің ақпараттық ресурстарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі-Министрлік) «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне еңбек мәселелері туралы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі-Заң жобасы) дайындалған.

Заң жобасы аясында «Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» түсінігі енгізілуде, ол бойынша еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыруға және мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен электронды түрде еңбек шартын жасауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу мақсатында еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай қоймасын құру мақсатында еңбек шарттарын тіркеу үшін бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі, еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде еңбек қызметі жөнінде мәлімет ұсыну тәртібі туралы ережелері әзірленетін болады.

Қазіргі таңда, «Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі»  (бұдан әрі – ЭЕШЕАЖ) еңбек шарттарының бірыңғай қоймасы жасалған. Бұл  еңбек шартын, еңбек шартына қосымша жасау және бұзу фактілерін тіркеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке деректерді сұрау арқылы жұмыскердің жеке істерін қалыптастыру бойынша интеграциялық қызмет.

Сонымен қатар, Министрлікпен еңбек шарттарын есепке алу жүйесін апробациялау үшін Enbek.kz. порталы арқылы ЭЕШЕАЖ-де еңбек шарттарын тіркеу пилоттық жобасы іске асырылған.

Іске асыру механизмі:

Үміткер жұмысқа тұру үшін, жеке куәлігін ұсынады. Жұмыс беруші жұмыскердің жеке ісін қалыптастыру мақсатында үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірімен «ЭЕШЕАЖ» сұрау жолдайды. «ЭЕШЕАЖ» мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы  жұмыскер туралы мәліметтерді қалыптастырып, жұмыс берушіге жолдайды.  Құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі (мысалы: медициналық тексеруден уақытылы өтпесе) немесе болмауы туралы потенциалды жұмыскер ол туралы хабарланадырылады.

Нәтижелер бойынша жұмыс беруші жаңа жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы шешімге келсе жұмыскермен еңбек шартына қол қояды.

Жұмыс беруші «ЭЕШЕАЖ» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде еңбек шартының тіркеуін жүзеге асырады.

Жұмыскерлерге арналған артықшылықтар:

  • Әлеуметтік қауіп-қатерлерден қорғалуы: еңбек шартының болуы, қорларға жарналар мен аударымдар болуы фактісі;
  • Жұмыскердің алдында жұмыс берушінің міндеттемесі бекітілуі;
  • Еңбек шартын жасау процесінің жеңілдеуі: құжаттарды жинау қажеттілігі жойылады (мекен-жай бойынша анықтама, медициналық анықтама, аттестат, диплом, төлқұжат деректері, түйіндеме, еңбек өтілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама жинақтауда үнемдеу).

Жұмыс берушілерге арналған артықшылықтар:

  • Жедел жою үшін анықталған бұзушылықтарды автоматты түрде хабарлау, сонымен қатар автоматты түрде статистикалық есептерді жолдау мүмкіндігі және қағаз түріндегі есептерден бас тарту;
  • Еңбек шарттарын рәсімдеудің құны азайады (кадр құжаттарын қағаз түрінде жинақтау қажеттілігі болмайды);
  • Жұмыскерлердің жеке ісін қалыптастыруда жүйенің қызметтеріне қол жеткізу арқылы жұмыскерлерді сапалы таңдау (алаяқтықсыз) мүмкіндігі болады.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

еңбек инспекциясы басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта