home
home home

Елімізге адал қызмет етіп, еңбегіміз еселене берсін

Мемлекеттік қызмет – әр елдің даму баспалдағының негізгі сатысы екені айқын.  Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерді «қоғам айнасы» деп бағалап, үлкен жауапкершілік жүктелген. Өйткені, мемлекеттік қызметші –халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатып, мемлекет басшысының бастамаларын ел санасына қалыптастыратын, ілгері апаратын жауапты адам. Мемлекеттік қызметтің мәртебесі онда қызмет ететін азаматтарға тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметші халықтың сенімі мен үмітін ақтауға бар күш-жігерін, білімі мен қарым-қабілетін аямай жұмсаса, туған елге қызмет етуге деген шынайы ниеті болса ғана телегей табысқа жетеді.

2013 жылдан бастап ҚР Президентінің жарлығымен 23 маусым – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру, халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту. Барша мемлекеттік қызметкерлерді осынау айтулы мерекелерімен құттықтаймын! Елімізге адал қызмет етіп, еңбегіміз еселене берсін!

 Мырзағали Күзербаев, Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.