home
home home

Елдігіміздің белгісі

Елдігіміздің белгісі

 

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен орталық саябақта 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Елдігіміздің белгісі» тақырыбында кіші футбол турнирі өтті.

Жастардың бойына отан-сүйгіштікті, қазақстандық патрио-тизмді қалыптастыру, жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау, оларды салауатты өмір салтына баулу және достыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге «2038 әскери бөлімі», «Пробация қызметі», «ДЮСШ», «Күзет» құрама командалары қатысты.

Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «2038 әскери бөлімі», ІІ орынды «ДЮСШ» командасы, ал ІІІ орынды «Күзет» командасы иеленді. Сондай-ақ, Алмаз Абылхасанов «Ең үздік ойыншы» номинациясы және Жомарт Қадыралы «Ең үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. Барлық қатысқан командаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар ұсынылды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта