home
home home

Елбасына алғысымыз шексіз

Елбасына алғысымыз шексіз

Елордамызда  өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі Қазақстан халқының көкейінде жүрген дүниелерді дөп басып, тұрғындардың болашаққа деген сенімдерін нығайта түскені анық.  Съезд барысында Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 500 млрд. теңге бөлінетін болды. Бұл елеміздегі әлеуметтік мәселенің түбегейлі шешілуіне деген үлкен әрі нақты қадам деп түсіндік.  Сонымен қатар Елбасы «Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек», – деген тапсырма беріп, батыр аналардың мәртебесін бір көтеріп тастады.  «Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдармада бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл жағымды жаңалыққа жалпы ел қуанғанын жасыра алмаймыз. Президентіміздің көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалар бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды тапсмыруы талай көкейтесті мәселелердің шешімін таудың бірден бір жолы екені де анық. Елбасына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Елбасымыз жасасын, Алға Қазақстан!

 

Сүгірбай Төле Аманжолұлы

Партия ардагері


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта