Елбасы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттейтін заң жобасын бекітті
Н.Назарбаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Құжат елімізде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заң бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, шекті, яғни ең жоғары бағаларды бекіту арқылы Қазақстанда барлық дәрілік заттардың бағасына мемлекеттік реттеу енгізілді.