home
home home

Ел таңдауы – жарқын болашақ

Ел таңдауы – жарқын болашақ
Жексенбі күні елімізде Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқаны басталып, таң азаннан Қордай ауданындағы 54 сайлау учаскесі 91 мыңнан астам азаматқа есігін айқара ашты.
Бұл күнгі маңызды науқанға ауданымыздың барлық сайлау учаскелері лайықты түрде дайындалып, тұрғындар ел өміріндегі шешуші сәтке асқан жауапкершілікпен қарағанын айта кекен жөн. Мәселен, аудан орталығындағы Мәдениет үйінің фойесінде орналасқан №239 сайлау учаскесіне тұрғындар таңғы сағат жеті болмай келе бастады. Саяси науқан барысында белсенділік танытып, дауыс беруге келгендердің қатарында жас пен кәрі бар. Ал, ел қатарлы өз таңдауын жасаған 83 жасар Тамара Васильева осы уақытқа дейін бір де бір сайлаудан шет қалмағанын зор мақтанышпен айтады.
«Ең біріншіден сайлау менің конституциялық Заңмен бекітілген құқығым болса, екіншіден бұл менің өз таңдауымды жасауға берілген мүмкіндік. Сондықтан, мен бүгін осы тамаша сәтті қалт жібермей, тәуелсіз елімнің жарқын болашағы, келер ұрпағымның кемел келешегі үшін дауыс бердім. Таңдауымның дұрыстығына еш күмәнданбаймын. Қазақстанымның әлі алда талай белестерді бағындырып, бұдан әрі гүлдене түсеріне сенемін!», – деген қарт ана барша азаматтарға сәттілік тіледі.
Мұнымен қатар, ауданда алғаш сайлаушы атанып отырған 2889 жастың барын айта кеткен орынды. Олар да өз кезегінде саяси науқанға атсалысып, өз дауыстарын беруде. Естеріңізге сала кетсек, дауыс беру науқаны кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасын табады


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта