home
home home

Ел дамуының алғышарты

 

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында партия ардагерлері Төле Сүгірбай мен Баян Қарамолдаева «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерімен кездесті. Кездесуде 2020 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Бірнеше басым бағыттарды қамти отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғышарттарын айқындаған Жолдаудың халыққа берері мол. Мәселен, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы, Саяси кеңес мүшесі Баян Нәзікеқызы бүгінде аналарға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау төңірегінде әңгіме өрбітсе, Саяси кеңес мүшесі Төле Аманжолұлы бәсекеге қабілетті қоғам құрудың алғышарты – кәсіпкерлікті дамыту екенін ескере келе, аналарға кәсіпке бейімделу жолдарын түсіндірді. Өз кезегінде көпбалалы аналар көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерге жауабын да алды.

Кездесу соңында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай отбасының әрқашан да қоғамда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы екенін айта отырып, жастар үлкен өмірге осы шаңырақтан қанаттанатынын, тәрбие отбасынан басталатынын тілге тиек етіп, көпбалалы аналарды аналық мейіріммен ұрпақ тәрбиесіне көңіл бұруға шақырды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.