home
home home

Ел дамуының айқын бағдары

Ел дамуының

айқын бағдары

Өткен сейсенбіде «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтті. Оған бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысып, жиынға аудандық партия филиалының төрағасы Болатбек Байтөле төрағалық етті.

Осы күні кеңестің күн тәртібіне екі сұрақ шығарылып, талқыға түсті. Бірінші сұрақ – Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабының атқарған жұмысы туралы болып, ол жайында «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай баяндама жасады.

– Еліміздің бас партиясы «Nur Otan» ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында тіркелгеннен кейін аудандық филиалда қоғамдық штабы құрылды. Штаб аппаратының қоғамдық-саяси жұмыс секторы, ұйымдастыру жұмысы секторы, қаржылық және материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, кандидаттың қоғамдық қабылдауы, заңгерлік қызмет бөлімі функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс жасады. 145 мыңға жуық көп ұлтты халқы, 91062 сайлаушысы бар үлкен аудан ерекшелігін ескере отырып, Қордай аудандық қоғамдық штаб құрамына қазақ, орыс, дүнген, әзірбайжан, қарашай ұлттарынан түрлі салада еңбек еткен Жамбыл облысы мен Қордай ауданының Құрметті азаматтары, танымал кәсіпкерлер мен ірі шаруа қожалық басшылары енді. Бұл штаб жұмысының оңтайлы әрі тиімді жұмыс атқаруына өзіндік септігін тигізді, – деген Дамира Маратқызы демократиялық қоғамның әрбір саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдағанына ерекше тоқталып, саяси сауатты 63507 сайлаушы, яғни 73,84 пайызы өз тағдырын «Nur Otan» партиясымен байланыстыратынын мәлімдеп, Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс бергенін айтты. Сонымен қатар, бір ай ішінде өткізген акциялары, желілік кес-теге сай және кестеден тыс өткізілген іс-шаралары, тындырымды тірлігі көп болған штабтың қоғамдық қабылдаулары турасында кеңінен баяндалды.

«Бүгінгі мінберді пайдалана отырып, сайлау науқанында штаб аппараты мен қоғамдық штаб жұмысына белсене араласқан барлық азаматтар мен азаматшаларға алғысымды білдіремін», – деді Д.Сүгірбай.

Осыдан кейін күн тәртібіне шығарылған екінші сұрақ – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар жөнінде болды. Бірінші болып сөзге «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі Біржан Әлімбет шығып, бұл сайлаудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Сайлау туралы» заңы шеңберінде әділ және демократиялық талаптар негізінде өткенін ерекше атап өтіп, Президент ұсынған халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, «Рухани жаңғыру» құндылықтары, сыртқы саясат, жастармен жұмыс бағыттарының мемлекет дамуының ең негізгі бағдаршамы болары ақиқат екенін жеткізді. Сонымен бірге, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Қарлығаш Қыпшақбаева ел сайлаған Президенттің ұстанымы барша халықтың көкейінен, жалпақ жұрттың көңілінен, сайлаушылардың сенімінен шығады деген ойда екенін айтса, «Гвардейский» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мархабат Қасенов бұл жалғыз «Nur Otan» партиясы ғана емес, Қазақстан халқының жеңісі деп есептейтінін айтып, Елбасы бастаған үлкен реформалардың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Хабарламашылар сөзінен кейін Саяси кеңес отырысына шығарылған екі сұрақ бойынша қаулы жобалары толығымен мақұлданды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.