home
home home

Екі қолға бір күрек табылады

Екі қолға бір күрек табылады

Қай уақытта, қай елде болмасын жұмыссыздық, яғни жұмыс табу мәселесі күрделі екендігі баршаға белгілі. Ал, істі болып, темір тордан босап шыққандардың жағдайы тіптен қиын. Мұндай азаматтардың көбісі жұмысқа орналасу кезінде түрлі кедергілерге кезігеді. Алайда, бүгінде істі болғандардың құқығын қорғайтын, көмек қолын созатын пробация қызметінің жұмысы нәтижелі жүріп, көптеген азаматтарға жұмысқа тұруға немесе кәсібін ашуға көмегін беруде.

 

 

Аудандық пробация қызметінің мамандары есепте тұрған азаматтарға арнап тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Сондай іс-шараның бірі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Бұл жолы жәрмеңке жұмыспен қамту орталығында өтіп, оған Қордай ауданы прокурорының аға көмекшісі М.Үдербаев қатысты.

Ең әуелі аудандық пробация қызметінің басшысы Ғ.Әбдіразақов іс-шараны ашып, сөз кезегін жұмыспен қамту орталығы директорының м.а. С.Көпешовке берді. Ол аудандағы бос жұмыс орындарын тізбектеп, орталық мамандары жұмыс істеуге ниетті азаматтарға көмек қолын созатынын жеткізді. Жалпы, іс-шараға пробация есебінде тұрған 30 адам қатысты. Олар орталық мамандарымен аз-кем сұхбаттасып, мамандар барлығына тиісті ақпарат беріп, жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 10 азаматқа жұмысқа жолдама берілді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күнде аудандық пробация қызметінде 150 азамат есепте тұр. Оның 120 азаматы жұмыспен қамтылған. Бірі тұрақты жұмыс істесе, енді бірі кәсібін дөңгелетіп, нәпақасын тауып келеді. Әрине, жұмыспен қамту ісіне пробация қызметінің қосқан үлесі қомақты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.