home
home home

Екі ауылда мектеп алынуда

Екі ауылда мектеп

салынуда

Бүгінде Қалғұты және Күнбатыс-2 ауылдарына бара қалсаңыз, ең әуелі ауылдағы ауыр техниканың гүрілін естисіз. Себебі мұнда бұрын-соңды болмаған жаңа мектеп ғимараттарының құрылысы қарқын алған. Демек, ауыл тұрғындардың көптен бергі көкейінде жүрген арман-тілектері орындалуда. Аудан басшылығының бастамасымен атқарылып жатқан бұл істі ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадам деуге толық негіз бар.

 

– Күнбатыс-2 ауылында мектеп апатты жағдайда болса, Қалғұты ауылында білім беру мекемесі мүлдем жоқ, ауыл балақайлары білім алу үшін бірнеше шақырым жүріп, Жамбыл ауылына барып оқуға мәжбүр. Осы олқылықтың орны көп ұзамай толағатын болды. Аудан басшылығының атсалысуының арқасында іске асқан жұмыстардың әрдайым басы-қасында боламыз, – дейді сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Мендекеев.

– Қалғұты ауылында мектеп 180 орынға арналған, жалпы сметалық құны 632 144 мың теңге, мердігер «Теберда СтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, келісімшарт сомасы 600 111 мың теңге. 150 орындық Күнбатыс-2 мектебінің мердігері «Шұғыла-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, олармен келісімшарт 588 859,0 мың теңгеге түзілді. Алғашында екі нысан бойынша жобалық құны 1 млрд. теңгеге дейін жоспарланған, жобалау жұмыстарын оңтайландыру және нысандардың орналасу жерлерін, аумақтарын, өлшемдерін қайта қарау арқылы бұл сома қысқарып, сараптамадан өтті. Нысандардың құрылысы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда. Жұмыс сапасы тұрақты бақылауға алынып, құрылыс алаңдарында авторлық және техникалық қадағалау жүргізілуде, – деп мәліметтерімен бөлісті бөлім басшысы.

Қазіргі заман талабына сай жаңа мектептерде кең бөлмелермен қатар үлкен асхана, спортзал, шеберхана, кітапхана және өзге де қажетті бөлмелер қарастырылған. Мектеп маңына спорт алаңы, кіші сынып оқушылары үшін ойын аумақтары және қазандық салынуда.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.