home
home home

Дін тақырыбы қашанда өзекті

 

Жақында аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Дәстүрлі түрде өтетін жиынға комиссия мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мешіт имамдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – тұрғындардың арасында діни сауаттылықты арттыру және радикалды діни ағымдардың ықпалына түсудің жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстар турасында болды. Бұл жайында Қордай, Қақпатас, Қарасу, Масанчи, Сортөбе ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды алға тартты. Комиссия мүшелері ауыл әкімдеріне бірқатар сұрақтарын қойып, мәселені талқылады.

Соңғы уақытта ауданда екпеден, транспланттаудан, қан құюдан және басқа да медициналық көмектен бас тартатын отбасылар көбейіп келеді. Ал, екпеден бас тарту – бүгінгі медицина саласының ғана мәселесі емес. Бұл сұрақтың астында көптеген мәселелермен қатар діни астардың да жатқаны алаңдатушылық туғызып жүргені жасырын емес. Жиында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова баяндама жасап күрделі әрі өзекті мәселені талқылауға ұсынды.

Келесі кезекте аудандық полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимылдар тобының жедел уәкілі М.Жұмахан осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеді. Сонымен қатар, кездесуде дін саласындағы өзге де сұрақтар талқылынып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Ал, комиссия төрағасы Б.Жамангозов ауыл әкімдері мен имамдарына аталмыш мәселеге аса жауапкершілікпен қарап, жұмысты жандандыруға шақырды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.