home
home home

Денсаулық кепілі

Денсаулық кепілі

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аудан орталығында велошеру өтті.  Бұқараны спортқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған шараға 100-ге жуық  адам қатысып, қордайлықтардың әрдайым спортқа бейім екендіктерін бір дәлелдеп берді. Айтулы күнге орай осы күні  қатысушылар 5 шақырым жерді велосипедпен жүріп өтті.

 

Бұл  нағыз спорт сүйер қауымның басын қосқан іс-шара болды. Қатысушылардың арасында мемлекеттік қызметшілер, студенттер, мектеп оқушылары да бар.  Велошеру  Жібек жолы көшесіндегі «Төлеген» кафесінің маңынан басталып, орталық стадионға дейін жалғасты. Ал, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында жергілікті полиция  және  жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылып, тәртіп пен қатысушылардың денсаулық жағдайын бақылауға алды.

Велошеру тек маған емес, қатысушылардың бәріне ұнады деп ойлаймын.  Велосипедпен жүрудің  адам денсаулығына  пайдасы зор. Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізуді дәстүрге айналдырып, ауқымын кеңейтсек нұр үстіне нұр болар еді, – дейді шеруге қатысушы Аида Намазова.

Велошеруден кейін орталық стадионда жиналғандар  спорттық жаттығулар жасап, бойларын бір сергітіп алды. Одан кейін сөз алған ұйымдастырушылар таңғы жаттығудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды Денсаулық күнімен құттықтады. Сондай-ақ, спорттық шараға қатысқан барша ұжымдарды арнайы сертификаттармен марапаттады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта