home
home home

Дәрі-дәрмек бағасы зерделенді

 

Партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша әр ауданда жұмысшы топ құрылып, жер-жерлерде денсаулық сақтау саласының жұмысын зерделеу жұмыстары қолға алынған.

Бүгін ауданымызда «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Дәулеттің бекітуімен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Сүгірбай, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Б.Әлімбет, партия аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, аудандық қоғамдық кеңес төрайымы Б.Қарамолдаева, аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі, Қордай ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ аудан орталығындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында мониторинг жүргізу үшін дәріханаларды аралады. Жұмысшы топ аудан орталығында дәрі-дәрмектердің ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 шілдедегі № ҚР ДСМ-82/2020 бұйрығымен бекітілген көтерме және бөлшек сауда үшін дәрі-дәрмек жабдықтары атауына шекті бағаға сәйкестігін зерделеді.

Орталықтағы дәріханаларда адам қарасы сирек, дәрі-дәрмекке кезек жоқ деуге де болады. Жібек жолы көшесінің бойындағы «Arzan pharm» дәріханасында бетперде – 85 теңге, 5% 5 г. ацикловир жақпасы – 240 теңге (шекті баға 237,60 тг), дексаметазон 4мг/мл, 1мл, № 25 – 2750 теңге (шекті баға 3584,33 тг), тамифлю 75 мг – 9010 теңге (шекті баға 10856,97) болса, «Жансая» сауда үйінің алдындағы дәріханада бетперде – 110 теңгеден, 5% 5 г. ацикловир жақпасы 190 теңгеден (шекті баға 237,60 тг), дексаметазон 4мг/мл, 1мл, № 25- 3000 теңгеден (шекті баға 3584,33 тг), тамифлю 75 мг -10200 теңгеден (шекті баға 10856,97) жіберілуде. Бұдан кейін «GEO» сауда кешені жанындағы дәріханада болып, бетперде – 85 теңгеден, 5% 5 г. ацикловир жақпасы – 235 теңгеден (шекті баға 237,60 тг), дексаметазон 4мг/мл, 1мл, № 25 – 3250 теңгеден (шекті баға 3584,33 тг) сатылып жатқанына көз жеткізді. Сондай-ақ, жұмысшы топ мүшелері «Барманкулова» дәріханасында болып, бетперденің – 80 теңгеден, тамифлю 75 мг – 9010 теңгеден, ацикловир таблеткасы 240 теңгеден, дексаметазон 4мг/мл, 1мл, № 25 – 2750 теңгеден жіберілгеніне куә болды. Ал, «Назар» дәріханасында аталған дәрі-дәрмектер болмағанымен, олардың баламасы министрлік бекітіп бергеннен төмен бағада сатылуда. Барлық дәріханада дерлік парацетомол мен аскорбин қышқылы сатылымда жоқ, оны сатушылар аталған дәрілердің дәрі-дәрмек қоймаларында жоқтығымен түсіндіреді. Барлық дәріханалар дәрі-дәрмектердің көтерме бағасына тасымалдау, жеткізу шығындарын шығару үшін 15-16%  емес 18-19% пайыз үстеме баға қосып босатады, нәтижесінде бірқатар арзан дәрілердің құны шекті бағадан асып кетеді, мұны 5% 5 г. ацикловир жақпасының бағасынан анық байқауға болады. Жұмысшы топ тарапынан осыған байланысты барлық дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасын шекті бағадан көтермеу турасында түсіндірулер жүргізіліп, шекті бағадан асырып дәрі-дәрмек жіберіп отырған бірқатар дәріханалар мен «Жансая» сауда үйі маңындағы дәріханадағы сатушы фармацевтке бетпердесіз қызмет етуіне байланысты ауызша ескерту жасалды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.