home
home home

Дәрі бағасы қатаң бақылауға алынды

 

Қордай ауданында дәрі бағасы қатаң бақылауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен «Qordai Adaldyq  alańy» жобалық кеңсесі дәріханаларды аралап, препараттардың шекті бағасы жазылған парақшалар іліп, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың бар жоғын бақылап, тұрғындарды ақпараттандыруға кірісті. Арнайы парақшада ең қажет деген бес препараттың бағасы белгіленіп, QR коды көрсетілген. Бұл кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Жаңа жобаны еліміздің басқа да өңірлері тәжірбиеге енгізді. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар парақшада көрсетілген байланыс телефондарына қоңырау шалып, шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.