home
home home

Covid-19 сақтық шараларын сақтайық!

Covid-19 сақтық шараларын сақтайық!

Қазіргі таңда Қордай ауданы бойынша зертханалық расталған 98 коронавирус дерегі тіркелсе, оның 58-де клиникалық көрініс анықталған. Өкінішке орай, соңғы аптада ауданда коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап, науқастар саны күрт өсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылғандар саны ұлғайды. Тіпті, бірнеше адам қайтыс болды. Осыған орай, аудан тұрғындарына қайырыламын.

 

Құрметті қордайлықтар!

Аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға, өзге елді мекендерге бармауға, бөгде адамдармен барынша азырақ қарым-қатынас жасауға тырысу қажет. Сондай-ақ, санитарлық норма талаптарын ескеріп, қоғамдық жерлерде бетперде тағып, бір жарым метр арақашықтықты сақтап, отбасылық және өзге көпшілік шаралар ұйымдастырмаған жөн.

Егер де өзіңізден немесе отбасы мүшелерінің бірінен тұмау тию белгілерін (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, құрғақ жөтел, ентігу, иіс, дәм сезбеу, іш өту және т.б.) байқасаңыз үйде болыңыз, мүмкіндігінше бөлек бөлмеге оқшауланып, учаскелік дәрігер немесе медбикеге қоңырау шалыңыз. Не болмаса 2-23-50 телефон номері арқылы қауырт желіге хабарласыңыз. Медицина қызметкері сізден сауалнама алып, жағдайыңызды бақылап, ем алу бойынша кеңес береді. Статистикаға сүйенсек, 80% жағдайда коронавирус жұқпасы жеңіл және орташа ауыр түрде өтіп, үй жағдайында емделеді. Содан кейін медицина қызметкері күн сайын науқастың жағдайына мониторинг жасайды. Ал, егер үйде өздігінен емделіп, медициналық көмекке кеш жүгінген болса, науқастың жағдайы ауырлап, ол бірден ауруханаға жатқызылады.

Біздің стационарларда орын жоқ, медицина қызметкерлері үлкен жүктемемен жұмыс атқаруда.

Қордай АОА әкімшілігі өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Үйде болыңыздар, алдын алу шараларын мұқият орындап, медицина қызметкерлерінің кеңестеріне құлақ салыңыз! Бұл індетті біз бірлесе жеңіп шығатынымызға сенімдіміз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.